Ертіс өңірінде ең үздік ауыл әкімін анықтады
Отырыс бүгін, 2020 жылғы 29 шілдеде онлайн режимде өткен облыстық конкурстық комиссияның пікірінше, Павлодар облысын «Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсының екінші кезеңінде Ақтоғай ауданы Жалаулы ауылдық округінің әкімі Азамат Жақсылықұлы Медетов қатысатын болады.
Республиканың барлық өңірлерінде ауылдық елді мекендердің дамуына елеулі үлес қосатын жұмыста жоғары практикалық нәтижелерге қол жеткізген үздік ауыл әкімдерін анықтау және көтермелеу мақсатында 25 мамырдан 15 маусымға дейін қатысушылардың, атап айтқанда ауылдық округ әкімдерінің құжаттарын қабылдау өткізілді.
Облыс бойынша республикалық конкурсқа қатысуға 15 ауылдық округ әкімдері құжаттарын ұсынды.
Бірінші іріктеу қорытындысы бойынша өңірлік комиссия 5 мемлекеттік қызметшіні әңгімелесуге жіберді:
Н.Г. Айтуғанов – Аққулы ауданының Жамбыл ауылдық округі әкімі;
Г.Т. Енсебаева – Екібастұз қаласының Шиқылдақ ауылы әкімі;
А.Е. Жуматанова – Успен ауданының Ольгин ауылдық округі әкімі;
М.А. Кожимов – Шарбақты ауданының Шалдай ауылдық округі әкімі;
А.Ж. Медетов – Ақтоғай ауданының Жалаулы ауылдық округі әкімі;
Әңгімелесу барысында өңірлік комиссия үміткерлердің сауалнамалық деректерін, «Үздік ауыл әкімі» атағына мен неге лайықпын» эссе тақырыбының ашылуын, жеке жобалық жұмыстағы ұсыныстардың креативтілігін, мемлекеттік марапаттар мен жарияланымдардың, ғылыми атақтар мен дәрежелердің болуын, мемлекеттік қызметші әдебін сақтау бойынша әдеп жөніндегі уәкіл жүргізген және жергілікті әкім жұмысының тиімділігіне халықтың қанағаттануын өлшеу үшін және елді мекен тұрғындары арасында онлайн-дауыс беру сауалнама қорытындыларын назарға алды.
Өңірлік комиссияның шешімімен бірінші кезеңнің барлық қатысушыларының ішінен республикалық кезеңге Ақтоғай ауданы Жалаулы ауылдық округінің әкімі Азамат Жақсылықұлы Медетов ұсынылды.
Азамат Жақсылықұлы 1975 жылы Ақтоғай ауданы Жалаулы ауылдық округінде дүниеге келген. Еңбек жолын туған мектебінде мұғалім болып бастады, онда директорға дейін еңбек жолын өтті. 2011 жылы мемлекеттік қызметке Жалаулы ауылдық округінің әкімі лауазымына түсіп, осы уақытқа дейін жұмыс істейді. Азамат Жақсылықұлы жастарға үлгі, өз Отаны мен ауылын дамытуға ұмтылатын адамның бейнесі болып табылады.
А. Ж. Медетовке шын жүректен сәттілік тілейміз.
[xfvalue_img]
17 пікір