ОБЛЫС ӘКІМІ "ҚАЗМҰНАЙГАЗ" ҰК АҚ ТӨРАҒАСЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Бүгін өңір басшысы Серікбай Трұмов "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ басқарма төрағасы Алик Айдарбаевпен кездесті. Күн тәртібінде қаралған басты мәселе ҚМГ мекемелеріндегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мен коронавируспен күресті күшейту сөз болды. Кездесу барысында Алик Айдарбаев "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ демеушілігімен өңір тұрғындарына көрсетіліп жатқан қайырымдылық көмегі туралы айтты.
"Біз алғашқы күннен бастап пандемиямен күреске шықтық. ҚазМұнайГаз компаниясының қолдауымен жалпы сомасы 2,6 млрд теңгеге қаржы қаралып, оның 1,8 млрды Маңғыстау облысына бөлінді. Бұл қаражатқа қажетті медициналық жабдықтар, реанимобильдер мен ИВЛ-аппаратары алынды. Сондай-ақ, ҚМГ еншілес компаниялары әкімдіктер мен медициналық мекемелерге көлік және жеке қорғаныш құралдарын, сондай-ақ аз қамтылған отбасыларға азық-түлік себеттерін ұсынды. Біз коронавирустық инфекциямен күресте дәрігерлер мен жергілікті мекемелерге жан – жақты қолдау көрсетуді жалғастырамыз", - деп атап өтті өз сөзінде А.Айдарбаев.
Кездесу соңында аймақ басшысы Серікбай Трұмов "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ басшылығына компания тарапынан көмек көрсетіп, қаржылай қолдау танытқаны үшін алғысын жеткізді.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
[xfvalue_img]