Бірінші қазақстандық ЖОО сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық стандартқа сәйкестігін растады
Бұдан бұрын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп оқу орындарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты ілгерілетуді көздейтін ЖОО-да ашықтық стандартын әзірледі.
Аталған стандартты әзірлеу кезінде ұйымдағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге арналған және беделін жақсарта отырып, іскерлік қарым-қатынастардағы сенімге ықпал ететін, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджментінің жүйесі» ISO 37001 халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартының талаптары ескерілгенін атап өткен жөн.
Осыған байланысты, «Sanaly Urpaq» жобалық кеңсесі барлық оқу орындарында ISO 37001 енгізу бойынша ұсынысты бастамашылық етті.
Осылайша, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде ISO 37001 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесін әзірлеу және енгізу басым міндеттердің бірі болып белгіленді.
Атқарылған жұмыс шеңберінде бірқатар құжаттар бекітілді, олардың әрқайсысының ережелері Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын ескере отырып, ISO 37001 талаптары бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған.
Әзірленген Әдістемеге сәйкес Университеттің құрылымдық бөлімшелерінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бағалау жүргізілді. Тәуекелдер цифрландырылды және маңыздылығы бойынша сараланды, сондай-ақ оларды азайту және жою бойынша жауапты тұлғалар мен іс-шаралар анықталды.
Нәтижесінде а.ж. 18 маусымында «EVROCERT» еуропалық компаниясы Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ISO 37001 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесі» халықаралық стандартының талаптарына сәйкестік сертификатын берді.
[xfvalue_img]