Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет  Энергетика министрлігіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөнінде мәжіліс өткізді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Энергетика министрлігіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөнінде мәжіліс өткізді

 

Ағымдағы жылы 1 маусымда Энергетика министрі Н.А. Ноғаевтың, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары О.А. Бектеновтің, сондай-ақ Министрлік басшылығы мен қызметкерлерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-шараларды талқылау бойынша мәжіліс өтті.

Мәжілісті аша отырып, Министр Н.А. Ноғаев басшылардың бағыныстыларының жасаған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін отставкасы және тәртіптік жауапкершілігі институтының өзектілігін атап өтіп, Министрліктің басшы құрамын орталық аппаратта және оған қарасты барлық ұйымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті ілгерілету бойынша шаралар қабылдауға шақырды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары О.А. Бектенов Агенттіктің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру бойынша жүргізіп отырған жұмысын жария етті. Ол басшылардың сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілігін жүзеге асыру тетігін жан-жақты түсіндірді.

О.А. Бектенов өз сөзінде энергетика саласы ел экономикасының маңызды салаларының бірі болып табылатынын атап өтті.

«…Мұнда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуы кәсіпкерлік белсенділікке, мемлекеттің өзінің әлеуметтік міндеттемелерін орындау мүмкіндігіне, табиғи ресурстарды ұтымды және ұқыпты пайдалануға айтарлықтай әсер етеді», - деп атап өтті О.А. Бектенов.

Сондай-ақ мәжіліс барысында Министрлік қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің сыртқы талдауының нәтижелері қаралды,
ол туралы Агентіктің Превенция департаменті басшысы А.Қ. Жарова баяндады.

«…Ішкі нарыққа бөлінетін мұнай мен газдың құны жиынтығында триллион теңгеден астам теңгені құрайды, бұл осы салаларды сыбайлас жемқорлық тәуекелі жоғары аймақтарға автоматты түрде жатқызады. Қаржы ағындарының мұндай көлемдері уәкілетті орган тарапынан қатаң мониторинг пен бақылау қажеттілігін, олардың бизнес-процестерді сапалы құқықтық реттеуді қамтамасыз етуді болжайды», - деп атап айтты А.Қ. Жарова.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері сондай-ақ мүдделер қақтығысының болуына, алқалы органдар қызметіндегі ашықтық пен айқындық қағидаттарының сақталмауына, Министрліктің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердегі құқықтық олқылықтар мен кемшіліктерге байланысты.

Сыртқы талдау қорытындысы бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша нақты ұсыныстар енгізілді. Оларды жою жөніндегі жоспар келісілді.

ЕГЕР СІЗГЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ ТУРАЛЫ БЕЛГІЛІ БОЛСА, СІЗ 1424 CALL-ОРТАЛЫҒЫНА 24/7 РЕЖИМІНДЕ ХАБАРЛАСА АЛАСЫЗ.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.