«ADAL BILIM»: білім беру жүйесінде парасаттылықты қалыптастыру

«ADAL BILIM»: білім беру жүйесінде парасаттылықты қалыптастыру

ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің бастамасы бойынша М.С.Нәрікбаев атындағы ҚазГЗУ университетінде "ADAL BILIM"  жобалық кеңсесі құрылды. Аталған жобалық кеңсенің міндеттері сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, ғылым салаларында парасаттылықты қалыптастыру, сондай-ақ осы саланы реттейтін нормативтік құқықтық актілерді талдау болып табылады.

2019 жылы жобалық кеңсе ҚР Білім министрлігінің және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының құрылымын оңтайландыру бойынша талдау жүргізді, жоғары білім бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы жасалды, жоғары оқу орындарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы аудиті жүзеге асырылды, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырысты бөлу бойынша мониторинг жүргізді.

Аталған жобасы аясында ШҚО-ның барлық жоғары оқу орындарында «бір терезе» қағидаты бойынша студенттерге қызмет көрсету орталықтары жұмыс істейді (анықтама беру, студенттерді оқу пәндеріне тіркеу, кредиттер мен пәндерді қайта есептеу, дипломдар мен транскрипттердің телнұсқаларын беру және т.б.). Бірқатар университеттерде жатақханалардағы орындар онлайн - режимде берілуде.

Сондай-ақ, 2019 жылы тамыз айында "ADAL BILIM" жобасы аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары және арнайы мониторингтік топ мүшелері алғаш рет магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуге бақылаушы ретінде қатысты. Ағымдағы жылдың қаңтар айында жоғары оқу орнына ақылы негізде түсу үшін 11 сынып оқушылары үшін өткізілген Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты. Осы емтихандар барысында кіру кезінде 1347 абитуриенттен тыйым салынған заттар тәркіленді. 2 жалған тұлға анықталды. 105 үміткер емтихан кезінде тыйым салынған заттарды пайдаланғаны үшін аудиториядан шығарылды және тиісінше олардың нәтижелері жойылды.

Комиссия мүшелерінің, Департамент қызметкерлерінің белгіленген ережелерді сақтау туралы ескертулеріне қарамастан, талапкерлер шпаргалкаларды, ұялы телефондарды, смарт сағаттарды пайдалануға тырысты. Сондықтан мектеп қабырғасынан бастап оқытушыларға, ата-аналарға және жалпы қоғамға өскелең ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, парасаттылық пен адалдық ұстанымдарын насихаттау бойынша тұрақты негізде жұмыс істеуі қажет. Тек осылай біз өз ісінің мамандарын оқытып, тәрбиелей аламыз.

Сәйкесінше жұмыстар жазғы ҰБТ-да жалғасын тауып, ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің қызметкерлері мен арнайы мониторингтік топ мүшелері тестілеуге белсене қатысады.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.