ШҚО-да түлектеріне мектепке және ұстаздарға сыйлық сыйлауға тыйым салынды

ШҚО-да түлектеріне мектепке және ұстаздарға сыйлық сыйлауға тыйым салынды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша департаменті Семей қаласының білім беру бөлімі және "Шығыс-Адалдық алаңы" жобалық кеңсесімен бірге "Білім беру мекемелерінде заңсыз ақша жинаудың алдын алу" тақырыбында бірлескен онлайн – кеңес өткізді. Кеңеске "ZOOM" платформасы арқылы Семей қаласының барлық мектеп және балабақша директорлары қатысты, ал ата-аналар Департаменттің Instagram және Фейсбук парақшаларындағы тікелей эфир көрсетілімін қарап, білім беру мекемелеріндегі сыбайлас жемқорлықпен күрес және мектеп бітіру кештерін өткізу мәселелерін талқылауға белсенді қатысты.

ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Ренат Набиев хабарлағандай, соңғы уақытта оқушылардың ата-аналары Департаментке әлеуметтік желілер арқылы мектеп директорлары, оқытушылар тарапынан білім беру мекемелерінде заңсыз ақша жиналып жатқандығы туралы шағымдануда.

"Білім беру саласындағы өзекті мәселелердің бірі – мектептер мен балабақшалардағы заңсыз ақша жинау мәселесі. Әр түрлі пабликтерді, әлеуметтік желілердегі қауымдастықтарды мониторингілеу барысында біз күн сайын осындай мәліметтерді анықтаймыз, кейбір осы жиынға қатысып отырған басшыларға қатысты біз осы фактілер бойынша тексеру жұмыстарын жүргізгенбіз.

Бірақ, өкінішке орай, бізге әлі де мектептер мен балабақшаларда ақша жиналатындығы туралы шағымдар келіп түсуде.

Жөндеу жұмыстарының кез келген түріне, абаттандыруға, оқу материалдарына, материалдық-техникалық қамтамасыз етуге: перделерге, жалюздерге, қағаздарға, кеңсе заттарына және басқа да заттарға ата-аналардан ақша жинауға қатаң тыйым салынады.

Сондай-ақ, оқу жылының аяқталуының жақындауына байланысты мектеп бітірушілерден естелік сыйлықтар алуға қатысты өтініштер бар екенін атап өткім келеді, бұған ерекше назар аударуларыңызды сұраймын.

Мектептерді ағымдағы және күрделі жөндеу мемлекеттік қаражат есебінен жүргізіледі. Сондай-ақ, бюджет есебінен мұғалімдердің жалақысы және түрлі әлеуметтік төлемдер жүргізіледі, мектептердің жұмыс істеуі үшін әртүрлі материалдарды сатып алынады.

ҚР "Білім туралы" Заңында оқушылар мен педагог қызметкерлерден ақша жинауға тыйым салады (Заңның 63-бабы 2-тармағының 2) тармақшасы).

Негізінен қаражат жинау "Ата-аналар комитеттерінің" атынан деген сылтаумен жүргізілетіндігін атап өткен жөн.

Біз олардың қызметі ешқандай құжатпен регламенттелмегенін және тұрмыстық сыбайлас жемқорлық көріністеріне негіз болатындығын түсінуіміз керек.

Егер ата-аналар мектепке немесе бала-бақшаға материалдық көмек көрсетуге тілек білдірсе, онда олар демеушілік жарналарды арнайы ашық шотқа аудара алады. Бұл ретте мұндай жарналар ерікті болып табылатындығын, яғни ата-аналарды мәжбүрлеуге ешкімнің құқығы жоқ екендігін баса айтқымыз келеді.

Мектептерде заңсыз ақша жинағаны үшін мектеп директорлары мен мұғалімдері әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін", - деді Ренат Набиев.

Семей қаласының білім беру бөлімінің басшысы Наталия Фесенко қалалық білім бөлімі оқушылар мен олардың ата-аналарынан жалпы білім заңсыз ақшалай қаражатты жинауға жол бермеуге бағытталған шаралар кешені жүргізілетіндігін атап өтті (кезең 2019-2020 жж.).

Сондай-ақ, соңғы қоңырау мен аттестаттарды тапсыру а.ж. 03-04 маусымында санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып өтетіндігін хабарлады.

Онлайн-кеңес соңында спикерлер білім беру мекемелері өкілдерінің және ата-аналардың сұрақтарына жауап берді.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.