ШҚО-да «Адалдық-алаңы» атты жаңа телевизиялық бағдарлама ашылды
Шығыс Қазақстан облысында "Шығыс-Адалдық алаңы" жобалық кеңсесі, ШҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен бірлесіп тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында "ALTAI" аймақтық телеарнасында «Адалдық-алаңы» жаңа бағдарламасын іске қосты.
Аталған бағдарлама "Шығыс-Адалдық алаңы" жобасының іске асырылу барысы туралы халықты ақпараттандыру үшін құрылған. Оның мақсаты - тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою, азаматтар үшін қолайлы жағдай жасау болып табылады. Негізгі салалар анықталды: білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, сәулет, қала құрылысы, жер қатынастары, Мемлекеттік кірістер, құқық қорғау және сот органдары.
18 мамырда Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Ренат Нәбиев қатысқан бағдарламаның тұсаукесері өтті.
Бағдарлама барысында Ренат Нәбиев «Шығыс-Адалдық алаңы» жобасы аясында атқарылған жұмыстар туралы және жалпы ШҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің превенция желісі бойынша қызметі туралы айтып берді.
«Азаматтардың мемлекеттік қызметшілерге деген сенімін арттыру және сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету мақсатында өңірде 35 фронт-кеңсе және open space кеңістік ашылды. «Сапалы жол», «Саналы ұрпақ», «Адал Көмек», «Бірыңғай сатып алу терезесі» сияқты жобалар белсенді түрде іске асырылуда» - деп атап өтті Р. Нәбиев.
Сонымен қатар, Бағдарлама барысында Департаменттің қызметі туралы бейнедайджест көрсетілді.
[xfvalue_img]