Мемлекет басшысы 2019 жылғы сыбайлас жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық баяндамамен танысты

Мемлекет басшысы 2019 жылғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық баяндамамен танысты

 

Жыл сайынғы баяндама Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №154 Жарлығына сәйкес ұсынылады.

Аталған баяндама Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыру нәтижелері туралы қоғамды хабардар ету үшін қалыптастырылады. Онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор мен қоғамдық ұйымдар жұмысының қорытындылары баяндалды.

Бірінші тарау сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің стратегиялық бағыттары туралы ақпаратты қамтиды.

Екінші тарау халықаралық және қазақстандық рейтингтер мен зерттеулерге негізделген сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы еліміздің ілгерілеуін талдаудан құралған.

Үшінші тарауда еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі мақсаттары мен міндеттері белгіленген. Сондай-ақ, жаңғыртылған моделі озық әлемдік тәжірибеге сүйене отырып қалыптастырылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіндегі құрылымдық өзгерістер сипатталады.

Төртінші тарауда Агенттіктің жобалары мен акциялары, қабылданған заңнамалық бастамалар, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою туралы айтылған. Бұл жерде статистикалық деректер мен көрсеткіштерде көрсетілген мекеме қызметінің нақты нәтижелері көрсетілген.

Бесінші тарауда еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық бастамаларға қатысуы туралы ақпарат ұсынылған. Атап айтқанда, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобы (ГРЕКО) ұсынымдарының орындалуы туралы айтылған.

 Алтыншы тарау сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты жетілдіруге бағытталған Агенттіктің тұжырымдары мен ұсыныстарын қамтиды. Атап айтқанда, олар сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған тұлғаларды қорғау жүйесіне, «сыбайлас жемқорлық» ұғымын жеке секторға тарату, сондай-ақ мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алу бойынша бірыңғай заңды қабылдау мәселелеріне қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, Transparency International халықаралық зерттеу қорытындысы бойынша 2019 жылы сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі Қазақстан тәуелсіздігінің тарихында тұңғыш рет бірден 3 баллға көтеріліп, 34 баллдық тарихи максимумға жетті (2016 ж. - 29 балл, 2017 ж. және 2018 ж. – 31). Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексіндегі біздің еліміздің ұстанымы бір жылдың ішінде 124-тен 113-ші орынға дейін жақсарды.

Дүниежүзілік Банк рейтингінің «Сыбайлас жемқорлықты бақылау индексі» индикаторы бойынша (19-дан 36%-ға дейін), сондай-ақ Doing Business рейтингтерінде (28-ден 25-орынға дейін) және IMD бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштері жақсарды.

 

Баяндаманың толық мәтіні сілтеме бойынша қолжетімді:

https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption/documents/details/33552?lang=kk

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.