Мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік құқық бұзушылығы  және әкімшілік жауапкершілігі

Мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік құқық бұзушылығы және әкімшілік жауапкершілігі

Қазақстан Республикасының аумағында басталған немесе жалғасқан не аяқталған іс-әрекет Қазақстан Республикасының аумағында жасалған әкімшілік құқық бұзушылық деп танылады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың міндеттері адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, халықтың денсаулығын, санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын, қоршаған ортаны, қоғамдық имандылықты, меншікті, қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті, мемлекеттік билік пен мемлекеттік басқаруды жүзеге асырудың белгіленген тәртібін, ұйымдардың заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделерін әкімшілік құқық бұзушылықтан қорғау, сондай-ақ олардың жасалуының алдын алу болып табылады.

Бұл ретте, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің лауазымды тұлғалары «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБтК) 84-бабы 1-бөлігінің                     60-тармағына сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға, оның ішінде қаралуы соттардың ведомстволық бағыныстылығына жатқызылған баптар бойынша уәкілетті.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі
(Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) (бұдан әрі-Әдеп кодексі)                   5-тармағы 13)-тармақшасына сәйкес, мемлекеттік қызметшілер заңда тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік көзделген теріс қылықтар мен өзге де құқық бұзушылықтарды жасауына жол бермеуге тиіс.

Алайда, өткен жылғы Әдеп кодекісінде көрсетілген талаптарына қарамастан, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасы (бұдан әрі-Басқарма) Павлодар облысының мемлекеттік қызметшілеріне қатысты жалпы сомасы 580756 айыппұл салумен 17 әкімшілік материал толтырды.

Басқармамен толтырылған әкімшілік материалдардың ең көп бөлігі Қазақстан Республикасы ӘҚБтК 99-бабы 1-бөлігі атап айтқанда, бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурстық іріктеу рәсімін бұзуы.

Ағымдағы жылдың өзінде жеке тұлғаның өтініші бойынша тексеру жүргізу барысында қала әкімі аппаратында конкурстық комиссия тарапынан бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурстық іріктеу рәсімін бұзу фактісі анықталды.

Қазақстан Республикасы ӘҚБтК 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес, тексеру нәтижесі бойынша қала әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің бас маманына қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

Әдеп кодекісіне сәйкес, мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады, және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық бейнесіне жоғары талаптар қояды.

Осыған байланысты, Павлодар облысының мемлекеттік қызмет департаменті облыс тұрғындарын әртүрлі құқық бұзушылық түрлеріне немқұрайлы қарамауға, оларға «нөлдік төзімділік» көрсетуге шақырады.

Біз, қоғамда тек ортақ күшпен ғана тәртіпті қамтамасыз ете аламыз.

 

 

Р. Иманкулов,

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Павлодар облысы бойынша департаментінің

мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау

басқармасының бас маманы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.