Әлеуметтік төлемдерді алу үшін БЖТ төлеушілерге не білуі керек?

Әлеуметтік төлемдерді алу үшін БЖТ төлеушілерге не білуі керек?

Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты табыстарынан айырылған  Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) төлеуші-тұлғаларға 42 500 теңге әлеуметтік төлемдер бойынша туындайтын мәселелерге байланысты келесіні түсіндіреміз.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ережелеріне сәйкес (26.03.2020 жылғы №110 бұйрық) әлеуметтік төлемдер Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан Салық кодексінің 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемнің төлеушілері болып табылатын жеке тұлғалар үшін көзделген.

Бұл ретте, Бірыңғай жиынтық төлем жалдамалы қызметкерлерсіз жылына 1 175 АЕК (2,96 млн. теңге) кем мөлшерде табыс (айналым) ала отырып, кәсіпкерлік қызмет шеңберінде басқа жеке тұлғаларға (салық агенттері болып табылмайтын) жеке қосалқы шаруашылық өнімдерін өткізуді немесе қызмет көрсетуді жүзеге асыратын жеке тұлғаларға арналғанын ескерген жөн.

Мысалдар: бір жолғы жалдамалы еңбек (тұрмыстық техниканы, сантехниканы және т.б. жөндеу), жекелеген жеке қызметтер (репетиторлар, күтушілер, отырғыштар, тапсырысқа тоқу), бағдарламаларды орнату қызметі (НЖ орнату, қарсы вирус және т. б.), өзінің жеке қосалқы шаруашылығында өндірілген сүтті, картопты сату, басқа жеке тұлғаларға және т. б.

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ тұрғын үйді қоспағанда, мүлікті жалға беретін стационарлық нүктелер (коммерциялық объектілер - сауда объектілері, базарлар және т.б.) арқылы қызметін жүзеге асыратын адамдар БЖТ төлеушілер бола алмайды.

Бұдан басқа, БЖТ төлеуші - жеке тұлға дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын тұлға (адвокаттар, нотариустар, жеке сот орындаушылары және кәсіби медиаторлар) ретінде тіркелмеуге тиіс, олар үшін осындай әлеуметтік төлемдерді алудың өзге тәртібі көзделген және БЖТ төлеу талап етілмейді.

Осылайша, жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келген кезде БЖТ төлеушілері болып танылатын және жоғарыда көрсетілген қызметтерді көрсету немесе басқа жеке тұлғаларға (салық агенттері болып табылмайтын) жеке қосалқы шаруашылық өнімін өткізудің мүмкін болмауына байланысты табыстарынан айырылған тұлғалар ТЖ енгізілуіне байланысты табыстарынан айырылған БЖТ төлеуші-жеке тұлғалардың санатына жатады.

Тиісінше, ТЖ кезеңінде БЖТ-ны алғашқы рет төлеген тұлғалар өзін осындай талаптарға сәйкес келетін өзін-өзі жұмыспен қамтығандар ретінде көрсеткен, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне кірген және ТЖ кезеңі аяқталғаннан кейін кәсіпкерлік табыс алған кезде осындай мәртебені БЖТ төлеу жолымен растауды жалғастыруға тиіс.

 

Маңғыстау облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаменті

#mangystaumkd  

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.