Салықтар мен алымдарды есептеуде айлық есептік көрсеткіштің қолданылуы

Салықтар мен алымдарды есептеуде айлық есептік көрсеткіштің қолданылуы

2020 жылғы 1 сәуірден бастап айлық есептік көрсеткіштің өзгеруіне байланысты салықтар, алымдар мен төлемдерді есептеуде қай мөлшердегі АЕК-ті негізге алу қажет екендігіне түсіндірме береміз.

 Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 8 сәуірдегі №299 «2020 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы» Жарлығына сәйкес жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш (АЕК):

- 2020 жылғы 1 қаңтарынан бастап – 2 651 теңге;

- 2020 жылғы 1 сәуірден бастап – 2 778 теңге болып белгіленген. 

Көлік құралдарына салынатын салық бойынша

Салық кодексінің 492-бабының 3-тармағына сәйкес салықты есептеу үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын АЕК қолданылады.

Осылайша, 2020 жылға көлік құралдары салығын есептеу үшін 2020 жылдың 1 қаңтарына қолданыста болатын АЕК қолданылады, яғни 2 651 теңге. 

 Алымдар, төлемақылар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша

Салық кодексінің 553, 557, 582 және 609-баптарына сәйкес тіркеу алымдары, жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы, жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы және мемлекеттік баж мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және осындай алымдарды төлеу күніне қолданыста болатын АЕК-тің еселенген мөлшерде айқындалады.

Осылайша, 2020 жылға алымдарды, жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақыны, жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақыны және мемлекеттiк бажды есептеу үшін:

2020 жылдың 1 сәуіріне дейін төленген жағдайда – 2020 жылғы 1 қаңтарынан бастап қолданыста болған АЕК (2 651 теңге);

2020 жылдың 1 сәуірінде және кейін төленген жағдайда – 2020 жылғы 1 сәуірден бастап қолданыста болатын АЕК (2 778теңге) қолданылады. 

Арнаулы салық режимiн қолдану бойынша (әрі қарай – АСР)

Салық кодексінің 683-бабының 2-тармағына сәйкес шағын бизнес субъектілеріне арналған АСР мынадай талаптарға сәйкес келетін:

патент негізінде – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын АЕК-тің 3 528 еселенген мөлшерінен;

оңайлатылған декларация негізінде – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын АЕК-тің 24 038 еселенген мөлшерінен;

тіркелген шегерімді пайдаланумен – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын АЕК-тің 144 184 еселенген мөлшерінен аспайтын.

Осылайша, шағын бизнес субъектілері үшін АСР қолдану мақсаттары үшін шекті табыс 2020 жылдың 1 қаңтарында қолданыста болатын АЕК, яғни 2 651 теңге қолданылады. 

Бірыңғай жиынтық төлем бойынша (БЖТ)

Салық кодексінің 774-бабының 2-тармағына сәйкес БЖТ төлеушінің осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген қызмет түрлерін жүзеге асыру нәтижесінде алатын кірісінің күнтiзбелiк жылдағы мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын АЕК-тің 1175 еселенген мөлшерінен аспауға тиiс.

Мәселен, БЖТ төлеушінің шекті табысын есептеу үшін 2020 жылдың 1 қаңтарына қолданыстағы АЕК қолданылады, яғни 2 651 теңге (2020 жылға шекті табыстың мөлшері - 3 114 925 теңге).

Сонымен бірге, Салық кодексінің 775-бабының 2-тармағына сәйкес бір айдағы БЖТ сомасы республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, астанада – АЕК-тің 1 еселенген мөлшерін және басқа елді мекендерде АЕК-тің 0,5 еселенген мөлшерін құрайды.

Бұл ретте республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған АЕК мөлшері қолданылады.

Осылайша, БЖТ сомасы бір ай үшін қала тұрғындары үшін 1 АЕК немесе 2 651 теңге құрайды, ауыл тұрғындары үшін - 0,5 АЕК немесе 1 326 теңге. 

Ойын бизнесі салығы бойынша

Салық кодексінің 536-бабының 2-тармағына сәйкес салық мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және салықтық кезеңнің 1-күні қолданыста болатын АЕК мөлшері негізге алына отырып айқындалады.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Салық кодексінің 537-бабына сәйкес ойын бизнесі салығы бойынша салық кезеңі күнтізбелік тоқсанға тең, онда ағымдағы жылдың екінші тоқсанынан бастап ойын бизнес салығының сомасын айқындау кезінде 2 778 теңге мөлшеріндегі АЕК қолданылады.

 

Маңғыстау облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаменті

#mangystaumkd  

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.