БҚО әкімі шенеуніктерді қарамағындағы қызметкерлерінің жемқорлығы үшін жауаптылықтары туралы ескертіп, бірқатар нақты тапсырмалар берді

БҚО әкімі шенеуніктерді қарамағындағы қызметкерлерінің жемқорлығы үшін жауаптылықтары туралы ескертіп, бірқатар нақты тапсырмалар берді

2020 жылдың 24 сәуір күні Батыс Қазақстан облысы әкімі Ғ.Н.Есқалиевтің төрағалығымен сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мәселелері бойынша онлайн кеңес өтті. 

Шараға БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Р.С.Ақмырзаев, Орал қаласы және аудан әкімдері және облыстық басқарма басшылары қатысты. 

Шара барысында жер қатынастары саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туғызатын жағдайларды жою, соның ішінде жер комиссиялары отырыстарының ашықтығы және «Жер ресурстары геопорталын» жетілдіру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, бюджеттік мекемелер басшыларын ротациялау және орталықтандырылған бухгалтерия, аудандық әкімдіктерде фронт-офистар (сервистік әкімдіктер) ашу, «OPEN SPACE» қағидаты және аудандардағы мектептерде «Е-асхана» автоматтандырылған жүйесін енгізу сұрақтары көтерілді. 

Аталған бастамаларды жүзеге асыру мемлекеттік органдардың ашықтығын және мемлекеттік аппаратқа азаматтардың сенімін арттырады, сонымен қатар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жояды. 

Бағынышты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа жол бергені үшін мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының отставкаға кету институтын енгізудің маңыздылығы аталып өтілді. 

«Барлығына белгілі, бұл институт Елбасының бастамасымен, Мемлекет басшысының қолдауымен жүзеге асырылған. Дербес жауаптылық нормасы – жүйелік сыбайлас жемқорлықты жоюдағы тиімді әдіс болып табылады. Ал дербес жауапкершілік нормасының енгізілуі, сыбайлас жемқорлық фактілерін жоюға мүмкіндік беріп қоймай, оны түбірімен жоюға көмектеседі. Бұл ретте, Шыңғырлау ауданының экс әкімі Тұрмағамбетовтің өз еркімен қызметтен кеткенін атап өткен жөн» - деді БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Р.С.Ақмырзаев. 

Жаңа Заңға сәйкес, бірінші басшы оның тікелей бағынышты тұлғасына қатысты соттың айыптау үкімі күшіне енгеннен соң күнтізбелік 10 күн ішінде немесе ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық іс тоқтатылғаннан кейін отставкаға кетуге міндетті. 

Егер саяси емес, бірақ А және Б корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілері болып табылатын барлық басқа басшыларына тікелей бағынышты қызметкерлер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған жағдайда алдыңғыларға тәртіптік жауапкершілік қарастырылған.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы қол қойған заңда басшыларға бағынышты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауының алдын алу міндеті енгізілген. Бұл міндеттің орындалмауы немесе тиісінше орындалмауы басшының тәртіптік жауапкершілігіне әкеліп соғады. 

Жиын барысында Департамент басшысы Р.С.Ақмырзаев: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі ретінде айқындалды. Осыған байланысты, жемқорлықты жою бойынша Агенттікпен ауқымды шаралар ұйымдастырылуда» - деді. 

Атап айтсақ, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыру мақсатында Агенттік бастамасымен құрылған ақпараттық-ағартушылық Штабы, «ADAL KÓMEK» жобасы, «Ақжайық – Адалдық Алаңы» және басқа жобалар іске асырылуда. 

«ANTIKOR ORTALYGY» сервистік орталығы мемлекет пен қоғам арасындағы байланысты нығайтуға себеп болуда. «ANTIKOR ORTALYGY» сервистік орталығында жемқорлыққа қарсы іс-қимылға байланысты іс-шаралар өткізу үшін барлық жағдай жасалған. Бұл орталықта кез-келген азаматқа сыбайлас жемқорлыққа қарсы әртүрлі іс-шаралар ұйымдастыруына болады. 

Шара соңында облыс әкімі Ғ.Н.Есқалиев БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің бастамаларын қолдап, жергілікті атқарушы органдардың басшыларына нақты тапсырмалар берді.

 

 

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.