ҚР АШМ бірінші вице-министрі: егіс науқаны бұрын соңды болмаған жағдайда жүзеге асырылуда

ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров ҚР Президенті жанындағы ОКҚ брифингінде көктемгі егіс жұмыстарының барысы, аграрилерді қаржыландыру және фермерлерді блок-бекеттер арқылы кедергісіз өткізу мәселесі жайында соңғы ақпараттармен бөлісті.

Оның айтуынша, төтенше жағдайға қарамастан ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері көктемгі егіс жұмыстарын тұрақты жүргізуде. Егіс жұмыстары 7 өңірде жүзеге асуда. Оңтүстік аймақтарда жоспарланған жаздық егіс алқабының 16-дан 81%-ы егілген. Атап айтқанда, Жамбыл облысында 326 мың га, Алматы облысында – 239 мың, Түркістан қаласында – 230 мың, Қызылорда облысында – 28 мың га егіс себілген.

Атырау, Павлодар және Атырау облыстарында көктемгі егіске енді кіріскен. Басқа аймақтарда егіс науқаны алдындағы жұмыстар жүріп жатыр.

«Биылғы көктемгі егіс жұмыстары бұрын соңды болмаған жағдайда жүріп жатыр. Десекте, егіс науқанына дайындық жұмыстары тұрақты түрде жүзеге асырылды. Фермерлер тек блок-бекеттер арқылы өту барысында кездескен қиындықтарға шағымданды. Бұл өте маңызды мәселе. Оны шешу үшін ҚР АШМ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жүріп-тұруы бойынша бірыңғай алгоритм әзірлеп, оны облыс әкімдіктеріне жеткізді. ҚР АШМ мен ІІМ бірлескен шешімі бойынша блокпостарда қағаз құжаттары да, электрондық рұқсаттар да қабылданатын болды. Фермерлердің кедергісіз жүріп өтуіне өңірлердің әкімдіктері мен жедел штабтары жауапты», - деп атап өтті Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші вице-министрі.

Сондай-ақ, Айдарбек Сапаровтың айтуынша, ҚР АШМ аграрилерге қаржылай қолдау мәселелерін ерекше бақылауда ұстауда. Президенттің тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылы жеңілдетілген пайызбен қосымша қаржыландыру және фермерлердің өнімдерін форвардтық сатып алу көзделген.

«Аграршылар бірінші кезекте қазақстандықтарды азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін жұмыс істейді. Сондықтан Мемлекет басшысы көктемгі егіс жұмыстарын оңтайлы мерзімде жүргізу үшін барлық жағдайды қамтамасыз етуді тапсырды. ТЖ режимінде импорт алмастыру – өте маңызды бағыт екені анық. Біз ішкі тұтынуға қажет өнімдерді және олардың жеткілікті көлемін өндіруіміз керек», - деп атап өтті А.Сапаров.

ҚР АШМ көктемгі егіс жұмыстары барысында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді мемлекеттік қолдауды арттыру үшін бірқатар шаралар қабылдады. Атап айтқанда, егіс науқанын қаржыландыруға бағытталған қаражат көлемі 10 млрд теңгеге артты.

Осылайша, бір ай ішінде фермерлерге 5% жеңілдікпен 70 млрд теңге несие түрінде аударылды. Бір АШТӨ-ге орташа 30 млн теңге көлемінде қаржымен қамтылды. «Кең дала» несиелеу бағдарламасы бойынша төмен пайызбен 2346 АӨК субъектісі қолдау тапты.

Сонымен қатар, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында фермерлерге егіс науқанына жылдық 6 пайызбен қосымша 100 млрд теңге бөлінді.

ҚР Үкіметі «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына қызметтің жаңа түрлерін енгізді. Бұл жеңілдетілген несие енді – дәнді және кейбір көкөніс дақылдарын себу үшін қолжетімді болды дегенді білдіреді.

Айдарбек Сапаров фермерлердің өнімдерін форвардтық сатып алуына кеңінен тоқталды. Оның айтуынша, ағымдағы жылы 31 наурызда Мемлекет басшысы әкімдіктер мен үкіметке отандық ауыл шаруашылығы кәсіпорындарынан өнімдерді кепілді сатып алу тетігін әзірлеуді тапсырды. Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен ТЖ режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында «форвардты сатып алу» тетігі тұжырымдама түрінде мақұлданды.

«Қаржыландыру АШТӨ-нің барлық санатына, әсіресе 500 гектардан жоғары егіс алқабы бар шағын және орта өндірушілерге бағытталатын болады. 365 мың тонна жұмсақ бидай, арпа, қарақұмық, майлы дақылдарын сатып алу қаржыландырылады. Бұл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізіміне кіретін өнімдерді өндіруге арналған шикізат. Сатып алуға 24,5 млрд теңге қажет», - деді Айдарбек Сапаров.

Бірінші кезеңде мемлекет алдын ала төлем аударуды жоспарлап отыр, қалған соманы күзде нарықтық баға негізінде есептейді.

Фермерлердің өтінімді кепілдендіру кезінде туындайтын мәселені шешу үшін  ЕДБ мен ӘКК кепілдіктері қабылданатын болады.

Ауыл шаруашылығы өндірушілерінен форвардты сатып алуға қатысуға өтінімдерді «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» қабылдап, жергілікті атқарушы органдар бекітетін болады.

Алдын ала төлем берудің арқасында қазақстандық фермерлерге 4 млн гектар алқапта (жалпы егіс алаңының 20%) ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізуге көмектеседі деп күтілуде.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.