"Бек Эйр" әуекомпаниясына Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің талап арызы бойынша сот басталды

Бүгін, 2020 жылдың 22 сәуірінде Алматы қаласының Түрксіб аудандық сотында Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің "Бек Эйр" АҚ-ның әуе компаниясының жолаушыларына күші жойылған рейстердің ақшалай қаражатты қайтару жөніндегі талап арызы бойынша бейне-конференц байланыс режимінде бірінші сот отырысы өткізілді.

2020 жылғы 22 сәуірдегі жағдай бойынша Комитет 560 қазақстандық - "Бек Эйр" АҚ-ның клиенттерінің мүддесін білдіреді, олар 37 млн.теңгеден астам сомаға 1070 билет сатып алды. Тұтынушылардың өтініштері Комитетке күн сайын түседі. Сондықтан Комитет талап арызды сот шешімі шығарылғанға дейін келіп түскен арыздармен толықтыратын болады.

Сот отырысы барысында "Бек Эйр" АҚ-ның өкілі әуекомпания өз клиенттеріне ақша қайтару процесін бастағанын хабарлады. Оның айтуынша, әуекомпания 300 млн. теңгеге жуық қаржы қайтарған. Қаражатты қайтару үшін тұтынушы авиакомпанияға барып, билеттің алынғанын растайтын құжаттарды ұсынуы қажет.

Келесі сот отырысы 2020 жылдың 13 мамырына тағайындалды.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.