ҚР БҒМ - ЖАЛАҚЫНЫ КЕШІКТІРГЕНІ ҮШІН ТӘРТІПТІК ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫҢЫЗДАР
Жалақыны есептейтін онлайн-калькулятор (https://zp.fvr.kz/) іске қосылғалы, бір ай ішінде мектепке дейінгі және орта білім беру мекемелерінің өкілдері шамамен 1 500 000 рет жалақыларын өздігінен есептеп, тиісті қаражатын анықтаған. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов министрліктің аппараттық кеңесінде айтты. Жиналыс ведомстванын Facebook-тегі ресми парақшасында тікелей эфирден көрсетілді.
Сондай-ақ, министрдің айтуынша, кей өңірлерде педагогтер өз жалақыларын толық әрі уақытылы ала алмай отыр. Осыған орай, ведомства басшысының тапсырмасына сәйкес, апта соңына дейін барлық аймақтарда қызметтік тексеріс жүргізіліп, тиісті шаралар қолданылады.
«Жалақы төлеуде не себепті кешіктірулер орын алуда? Минитрліктің комитеттері әр өңірде тексеріс жүргізуі тиіс. Мән-жайды анықтап, жауаптыларды тәртіптік жауапкершілікке тарту керек. Мәселені бақылауда ұстаңыз», – деді Асхат Аймағамбетов вице-министр Бибігүл Асыловаға.
ҚР БҒМ баспасөз қызметі
[xfvalue_img]