«Іздеу» жедел-алдын алу іс-шарасының екі күнінде 25 қылмыскер ұсталды
Ағымдағы жылдың 18 наурызынан басталған «Іздеу» жедел-алдын алу іс-шарасының екі күнінде Полиция департаменті қызметкерлерімен 25 қылмыскер ұсталды, оның ішінде 17-сі ТМД елдерінің құқық қорғау органдарымен іздеуде жүргендер.
Жамбыл облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Ардақ Мадимаровтың айтуынша – іс-шараның негізгі мақсаты қылмыстың алдын алу және із-түзсіз жоғалғандарды іздеу, қылмыстық жағдайды жақсарту, қылмыстың алдын алу және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету болып табылады.
«Іздеу» жедел-алдын алу іс-шарасының барысында із-түзсіз жоғалған 9 азамат табылды.
Сонымен қатар, Қылмыстық кодекстің 188-бабы ұрлық дерегімен іздеуде жүрген алты азамат және 192-бабы бойынша қарақшылық шабуыл жасаған бір азамат құрықталды.
Жамбыл облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
18 пікір