ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОТ ТӨРЕЛІГІ ЖОБАСЫНЫҢ ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ ИНДЕКСІ
11 наурызда «Дүниежүзілік сот төрелігі жобасы» (World Justice Project, WJP) халықаралық ұйымы «Заң үстемдігі индексі 2020" (Rule of Law Index) жобасының жыл сайынғы зерттеулерінің нәтижелері бойынша 2019 жылғы қорытындыларын жариялады.
Индекс – зерттеуді қамтитын 128 елдегі құқық үстемдігінің деңгейі туралы мәліметтердің әлемдегі жетекші тәуелсіз дереккөзі.
Нәтижелер халық пен сарапшылар арасында сауалнама жүргізу (коммерциялық құқық, азаматтық және қылмыстық сот төрелігі, еңбек заңнамасы саласындағы мамандар) негізінде қалыптасады.
Сауалнамаға қатысушылар заңның үстемдігін қамтамасыз ету бойынша мемлекет қабылдаған шаралардың тиімділігін 8 бағыт бойынша, атап айтқанда, мемлекеттік өкілеттікке қатысты шектеу, жемқорлықтық болмауы, ашық үкімет, негізгі құқықтар, құқықтық тәртіп және қауіпсіздік, реттеуші құқық қолдану, азаматтық және қылмыстық сот төрелігі бойынша бағалау жасайды.
Елдің жоғарыда аталған компоненттерінің әрқайсысы бойынша 0-ден бастап 1-ге дейінгі межеде сараланады, 1 – заң үстемдігін қамтамасыз етудің ең жоғары деңгейіне сәйкес келсе, ал 0 – оның мүлдем жоқ екенін көрсетеді.
Қазақстан «Жемқорлықтың болмауы» компоненті бойынша 0,49 балл жинап, бұл зерттеуге қатысқан кезеңдегі ең жоғары нәтижеге қол жеткізді.
* 2011-2012жж. нәтижелер «2012-2013 заң үстемдігінің индексі» есебінде, 2016-2017жж. аралығындағы нәтижелер «2017-2018 заң үстемдігінің индексі» есебінде көрсетілген.
Бұл зерттеуге қатысқан 128 елдің ішінде 57 орын иеленіп, алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 4 орынға көтерілуге мүмкіндік берді (126 елдің ішінде 61 орын).
Шығыс Еуропа мен Орталық Азия аймағының 14 елі арасында еліміз Грузия мен Беларусьтан кейін үшінші орында тұр.
Елдердің кескіні мен әдістемесімен қоса толық есеп келесі сілтеме бойынша қолжетімді:
https://worldjusticeproject.org/sites/default/files/documents/WJP-ROLI-2020-Online_0.pdf
[xfvalue_img]