Жамбылдық тұрғыннан 35 келі есірткі заты табылды
2020 жылдың 10 наурызынан бастап Жамбыл облысы аумағында есірткі қылмысының алдын алу және ескерту мақсатында республикалық "Допинг" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның алғашқы күні Жамбыл облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шу ауданы Төле би ауылының 41 жастағы тұрғынын ұстады.
Күдіктінің автокөлігін тексеру барысында пакетке салынған 4 келі 630 гр "гашиш" есірткі заты табылды.
Тінту кезінде оның тұрғылықты мекенжайынан 12-калибрлі қару және оның 4 оғы, сондай-ақ қоймасынан 30 келі 380 гр салмақта кептірілген "марихуана" есірткі заты анықталды.
Күдікті кінәсін толық мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау абақтысына қамалды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
[xfvalue_img]