АШЫҚ БЮДЖЕТТЕРДІҢ ИНТЕРАКТИВТІ КАРТАСЫ
«Antikor ortalygy» ғимаратында Ашық бюджеттердің интерактивті картасын жетілдіру мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының жергілікті атқарушы органдарының өкілдерімен семинар кеңес өткізілді.
Іс-шараға Арнайы мониторингтік топ мүшелері, «Астана – адалдық алаңы» жобасының менеджерлері, сондай-ақ ақпараттық жүйені әзірлеушілер қатысты.
Өздеріңізге белгілі, Интерактивті карта - елорда тұрғындарына объектілерге бөлінген қаражатты бақылауға мүмкіндік беретін тиімді құрал.
2019 жылы картада 480 миллиард теңгеден асатын объектілер көрсетілген. Бұл - қаланың барлық емханалары мен ауруханалары, мектепке дейінгі және орта білім беру мекемелері, театрлар және басқа да әлеуметтік объектілерді құрайтын 308 ұйымның бюджеті. Сонымен қатар, жолдарды салу мен қайта жаңарту, абаттандыру және жергілікті бюджеттен бөлінген басқа да шығындардың сапасын бақылауға болады.
Интерактивті картаға (https://publicbudget.kz) орналастырылған мәліметтердің сапасы және халыққа қол жетімді ақпараттың барлығы Арнайы мониторингтік топтың бақылауында. Марат Сатаркуловтың айтуынша, интерактивті карта - бірінші тоқсанның нәтижелері бойынша мемлекеттік органдардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға мүмкіндік береді.
«Астана – адалдық алаңы» жобасының менеджері Гульнар Умарова атап өткендей, бұл құрал халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасына сәйкес мемлекеттік органдар мен халық арасындағы қашықтықты азайтуға мүмкіндік береді.
[xfvalue_img]