Интерактивті ғылыми тарихи картаның тұсаукесері
10 маусым күні 10.00-де Нұр-Сұлтан қаласының Достық үйінде (Б.Момышұлы к-сі, 24/9) елорда Ассамблеясы мен Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының ұйымдастыруымен, «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының іске асырылуы контекстінде «Қазақстан халқы» интерактивті ғылыми тарихи картасының» тұсаукесері өтеді.
Тұсаукесерде Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтында География институтымен және ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институтымен бірлесіп дайындалған Интерактивті ғылыми тарихи карта таныстырылады. Карта Елбасы Н.Назарбаевтың 2017 жылы 26 сәуірдегі Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХV сессиясында берген тапсырмасы бойынша дайындалды. Картаның мақсаты – қазақ ұлтының ерекше мемлекетті ұйыстырушы миссиясымен ежелгі қазақ жеріндегі барлық ұлттардың ұйысу үдерісін толық дәл көрсету. Ғылыми карта үш тілде орындалған және ежелден бүгінгі күнге дейін Қазақстанның полиэтностық халқының қалыптасуы туралы ауқымды материалдан тұрады, қазақ халқымен бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатқан 50 аса этностық топ өкілдері туралы, архив және статистикалық мәліметтер негізіндегі астана тарихы туралы құнды ақпарат береді.
Іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласы ҚХА этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, ғалымдар, қоғам және мемлекет қайраткерлері мен жастар қанаты қатысады.
БАҚ өкілдеріне алдын ала тіркелу қажет
[xfvalue_img]