Қазақстанның Елшісі Эстонияның Парламентінің Спикерімен кездесті
Таллинн қаласында Қазақстанның Елшісі Нұрлан Сейтімов Эстонияның Рийгикогу (Парламент) Спикері Хенн Пыллуаас мырзамен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Х.Пыллуаас екіжақты қатынастар үшін жағымды Эстонияда Қазақстанның Елшілігін ашу фактісін қанағаттанушылықпен атап, Қазақстан-Эстония ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға қызмет ететініне сенім білдірді.
Қазақстан мен Эстония парламенттеріндегі депутаттық достық топтарының қызметіне белсенді назар аударылды.
Елші Н.Сейтімов сұхбаттасушыны Қазақстандағы саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы өзгерістер туралы хабардар етті.
Тараптар электрондық үкімет, ақпараттық технологиялар, ауылшаруашылық салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың тиімді өсу үшін жақсы перспективалары бар екендігі туралы уағдаласты.
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігінің
баспасөз қызметі
[xfvalue_img]