Алик Шпекбаев «Теңізшевройл» ЖШС «Болашақ кеңейту – жаңа ұрпақ зауыты жобасымен» танысты
Атырау облысына жасаған сапары барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев облысы әкімі Махамбет Досмухамбетовпен бірге мұнай-газ саласындағы кәсіпорындарға барып, жаңа өнеркәсіп нысандарының құрылысымен танысты және «PBI» бизнес пен инвестицияларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолдау жобасы аясында кәсіпкерлерді қолдау мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Агенттік төрағасы «Теңізшевройл» ЖШС жүзеге асыратын болашақ кеңейту жобасы аясында тұрғызылған Теңіз кен орнында салынып жатқан үшінші буын зауытында болды.
Теңіз мұнай кен орны Жылыой ауданында Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауында орналасқан.
Үшінші буын зауыты модульдік құрылысты қолдану арқылы салынған, яғни барлық қондырғылар кәсіпорын алаңға бірден пайдалануға дайын күйде келеді.
Теңіз кен орнының өндірістік қуаттарын кеңейту бойынша әзірленген жоба көптеген жұмыс орындарын құрды және қазақстандық тауарлар мен қызметтердің айтарлықтай көлемін тартты.
Сонымен қатар, Агенттік Төрағасы зауыт қызметкерлерімен кездесіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы және еңбек заңнамасын сақтау мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, қауіпсіз еңбек жағдайларын, қызметкерлердің тұруын, сондай-ақ еңбекке ақы төлеудің әділ жүйесін және тиісті лауазымдарға қызметкерлерді іріктеуді қамтамасыз ету мәселелері қозғалды.
[xfvalue_img]