Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Хромтау ауданына барды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Хромтау ауданына барды

26 желтоқсанда Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев Хромтау ауданында болды.

Бірінші кезекте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Хромтау ауданының сервистік әкімдігінің қызметімен танысты.

Ерекше атап өтетіні,жуырда ғана «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобасы аясында аудан әкімдігінің қызметі «open space» қағидаты бойынша қайта құрылған болатын.Хромтау ауданының әкімі Нағымжан Алдияров мемлекеттік қызмет көрсету, бірінші басшылардың ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етудегі әкімдіктің мүмкіндіктерін таныстырды.

Сонымен қатар, Алик Шпекбаев «Eurasian Resources Group» (ERG S.a.r.l.), АО «Дөң тау-кен байыту комбинаты», «ТҰК «Казхром» АҚ, «Актюбинская мыс компаниясы» ЖШС, «Восход Хром» ЖШС, «Восход Oriel» ЖШС сынды ірі компаниялармен жұмыс жасайтын және тау-кен техникалық бағыттағы мамандарды даярлаудағы негізгі база болып табылатын Хромтау жоғарғы тау-кен техникалық колледжінде болды.

Аталған колледжде өсіп келе жатқан жастарды парасаттылық пен адал еңбек қағидаттарына баулу бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Білім беру мекемесінің басшылығымен «Адалдық дүкені» және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы мәдени-бұқаралық іс-шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылып жатқан «Парасаттылық мектебінің» жұмысы таныстырылды. 

Бұдан әрі, Алик Шпекбаев «Батыс-Жер» кемпингінде болды.Аталған кемпингтің жоғарғы дәрежелі қызмет көрсетудің үлгісі болып табылатынын атап өткен жөн. Сервистің негізгі тұтынушылары шетелдік және отандық жүк тасымалдаушылары болып табылады және олар тасымалды жүзеге асыру барысында құзырлы мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларымен жиі кездеседі.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу мақсатында Агенттіктің Ақтөбе облысы бойынша департаментімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы және парасаттылықты дәріптеуші плакаттар орналастырылып, ақпараттық – түсідіру материалдары бар буклеттер мен бейнероликтер көпшіліктің назарына ұсынылуда. 

Жұмыс сапарының соңында, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы сервистік ғимаратынан басқа, Ақтөбе қаласы Алматы ауданының сервистік әкімдігі қызметімен танысты. Әкімдік бүгінгі күні «open space» форматына сай халыққа қызмет көрсету орталығы, пошта және т.б. азаматтарға қызмет көрсету түрлерін қоса атқаруда.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.