СҚО Қыжылжар ауданында учаскелік полиция инспекторы мен қорықшы заңсыз аң аулауда күдіктіні ұстады
5 желтоқсан күні «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық бағының инспекторы учаскелік полиция инспекторына Знаменское а. маңында адамдардың, иттер мен көлік құралының ізін байқағанын хабарлаған. Ізбен бойлап жүріп, полицей мен қорықшы орманда аң аулау орнын және қан іздерін анықтайды. Із оларды ағаш дайындаумен айналысатын 3 ер адам тұрып жатқан вагонға әкелді. Вагон ішінен атыс қаруының 2 бірлігін және оқ-дәрілер, сондай-ақ сібір елігінің еті, басы мен терісі табылды. Ал еттің бір бөлігі пеш үстінде қайнап жатты.
Ұсталғандардың бірі бұрын сотты болған, 1978 жылғы Булаево қ. тұрғыны екендігі белгілі болды. Ол тегіс ұңғылы қаруының екеуін алып, трактормен заңсыз аң аулауға шығады, 1975 және 1987 жылғы екі танысы болса, оның өтініші бойынша орманда еліктерді қуып жүрген.
Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің «Заңсыз аң аулау» 337-бабының 3-б. 1-т. бойынша тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Сондай-ақ, қаруды заңсыз сақтау фактісімен күдіктілердің біріне қатысты әкімшілік өндіріс басталды. Мемлекетке келтірілген шығын соммасы нақтылануда.
«Полицейлер мен мүдделі ведомстволар өзара тығыз іс-әрекет жасамайынша, табиғатты қорғау жұмысын жүргізу мүмкін емес, - дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бөлім бастығы полиция майоры Сергей Липко. – Рейдтік іс-шаралардың барлығы дерлік СҚО облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының инспекторларымен, аң аулау шаруашылығы және орман шаруашылығы қорықшыларымен бірлесе өткізіледі».
СҚО-да жыл басынан бері заңсыз аң аулаудың 14 фактісі тіркелді. Аң аулау тәртібін бұзғаны үшін - 554, балық аулау тәртібін бұзғаны үшін – 248 тұлға әкімшілік жазаға тартылды.
СҚО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]