«Электрондық» парақорлықпен күресте израильдік тәсілдерді қолданудың келешегі
А.ж. 28 қарашада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев Isratech, Ergo Oriens Consultants и Triple Cyber израильдік компаниясының өкілдерімен кездесті.
Аталған ұйымдардың қызметі киберқауіпсіздікті, адамның жеке басын биометрикалық анықтап тануды қамтамасыз ету бойынша озық технологияларды енгізумен және қолданумен, сонымен қоса қаржылық-экономикалық құқық бұзушылықтардың мониторингі саласында жаңа шешімдерді қолданумен байланысты.
Агенттік Төрағасы кездесу барысында сарапшыларға жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтегі жаңашылдықтар туралы айтып берді.
Өз кезегінде, изральдік компания цифрлық шешімдерді қолдана отырып, қаржылық мониторинг саласында қылмыстарды анықтау және тергеу жүргізу әдістемесін таныстырды.
Сонымен қоса, бұл тәсілдерді құқық қорғау органдарында, атап айтқанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жұмысында қолданудың келешегі туралы талқыланды.
Әсіресе, сәйкес «маркерлік» жүйелер арқылы қаражаттың қозғалысын бақылау жолымен ақша ұрлау және «электрондық» парақорлықты ескерту мәселесі аса қызығушылық тудырды.
Кездесудің соңында Агенттік израильдік тәжірибені зерделеуге және бірлескен тәжірибені мүдделі қазақстандық мемлекеттік органдардың қатысуымен әрі қарай пысықтауға дайындығын білдірді.
[xfvalue_img]