Алик Шпекбаев Ақмола облысының активімен кездесті

Алик Шпекбаев Ақмола облысының активімен кездесті

Ақмола облысы әкімінің аппаратында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаевтың облыс активімен кездесуі өтті.

Кездесуге аудан және қала әкімдері, барлық деңгейдегі мәслихат хатшылары, депутаттар, «Nur Otan» партиясы филиалдарының басшылары, аудандық АМТ және «Adaldyq Alany» басшылары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, ҮЕҰ, БАҚ мүшелері қатысты.

Іс – шара барысында облыс әкімінің орынбасары, «Ақмола - адалдық алаңы» жобасының кураторы Қанат Ыдырысов нақты мысалдар келтірумен жобаны іске асырудың нәтижелерімен таныстырды. Жалпы, оның айтуынша, бұл бағытта үлкен жұмыс атқарылды. 

«Мемлекеттік билік органдары мен қоғамның бірлескен жұмысының арқасында құқықтық сана мен құқықтық мәдениет, транспаренттілік пен парасаттылық деңгейі көтерілетініне сенімдімін. «Ақмола – адалдық алаңы» жобасы біздің облыста сыбайлас жемқорлықты жою бойынша жұмыстағы байланыстырушы буын» - деп Қанат Ыдырысов атап өтті.

Сондай-ақ, активте қоғам қайраткері, Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты Жабал Ерғалиев, «Ақмола облысының Азаматтық альянсы» ЗТБ төрағасы Ирина Терентьева сөз сөйлеп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат саласында жүргізіліп жатқан агенттіктің бастамаларына қолдау білдірді.

Кездесуді қорытындылай келе, Алик Шпекбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда адалдық, сатылмаушылық және парасаттылық сияқты қағидаттарға ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті.

Жұмыс сапарын жалғастыра отырып, Агенттік Төрағасы Көкшетау қ. сотының фронт – кеңсесіне келіп жетті. Бұл кеңсенің мақсаты азаматтарға жан-жақты құқықтық көмек көрсету. Мұнда әрбір келуші заң талаптарына сәйкес шағым бере алады және сот процесін тиісті мерзімде бақылай алады.

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров фронт-кеңсенің жұмысы толығымен автоматтандырылғандығын атап өтті. Бұл жерде келушілер талондар алып, өз кезегін күтеді, сот процестері уақытында басталып, істі Жоғарғы Соттың Ахуалдық орталығы арнайы бағдарламалар көмегімен қадағалайды.

Ақмола облысы полиция департаментінің фронт-офисі жұмысымен таныса отырып, Алик Шпекбаев осындай орталықтар арқылы сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтау бойынша күш-жігерді жандандыру қажеттігін атап өтті. Ол парақорлықтың қандай да бір фактілері бойынша азаматтардың қайда жүгінуі мүмкін ұялы байланыс желісі туралы еске салды.

 

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департаменті

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.