Көкшетауда «AQMOLA – Adaldyq Alaṅy» жобасының  Open Space форматындағы жаңа кеңсесі ашылды

Көкшетауда «AQMOLA – Adaldyq Alaṅy» жобасының Open Space форматындағы жаңа кеңсесі ашылды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаевтың Ақмола облысына сапары аясында салтанатты түрде «AQMOLA – Adaldyq Alaṅy» жобасының Open Space форматындағы жаңа кеңсесінің тұсаукесері өтті.

Жобалық кеңсенің жұмысы мен іске асырылып жатқан бастамалар туралы оның жетекшісі Самира Тайтенова баяндап, ашық кеңістікке өту ашықтықты, айқындылықты, халық үшін қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған тағы бір қадам екенін атап өтті.

«Бүгінгі таңда парасаттылық идеологиясын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Біздің өңірде осы идеологияның драйвері «Ақмола – адалдық алаңы» жобасы болып табылады. Барлық жұмыс Жергілікті атқарушы органдармен тығыз байланыста іске асырылуда» - деп Самира Тайтенова атап өтіп, «Адал Ұрпақ», «Саналы Ұрпақ», «Парасаттылық мектептері», «Protecting business and investments» сияқты жобалардың іске асырылу барысымен таныстыра өтті.

Кеңсенің ашылуы аясында «ADAL VINE» жастар сериалы көрсетілді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, сериал әлеуметтік мәселелерді, өмірлік қиын жағдайларды қозғайды және жалпы адалдық, парасаттылық, әділдік және сатылмаушылық сияқты қасиеттерді көтермелейді. Видеоролик көрсетілімінің соңында қатысушылар пікір алмасты.

Арнайы мониторингтік топтың жетекшісі Владислав Шуль қоғамдық қызметкерлерді тартумен жүргізілетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстар туралы хабардар етті. Оның айтуынша, азаматтық қоғам өкілдері маңызды салаларда мониторинг жүргізуге үлкен көмек көрсетуде.

«Бүгінгі таңда «Адалдық алаңы» шағын жобадан жалпыұлттық қозғалысқа айналды. Құрамына азаматтық қоғамның, үкіметтік емес сектордың, халықаралық ұйымдардың өкілдері мен белсенді қоғам қайраткерлері, белсенді азаматтар кірген бұл жоба қазір мемлекет пен қоғам арасындағы дәнекер рөліне ие болды» - деп Алик Шпекбаев атап өтті.

Сонымен қатар Агенттік Төрағасы Көкшетау қаласының «Ашық әкімдігімен» танысты. Қала басшысы Амангелді Смайылов, әкімдіктің жаңа форматтағы жұмысын таныстыра отырып, аталған сервистік орталық әкімдік қызметкерлеріне азаматтармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуге мүмкіндік береді және халыққа мемлекеттік қызметтерді сапалы алуға мүмкіндік береді деп атап өтті.

«Мемлекеттік органдардың алдына халықтың барлық сауалдарына жедел және тиімді әрекет ету үшін «Тыңдаушы мемлекеттің» тұжырымдамасын іске асыру сияқты ортақ міндет қойылды. Енді қала тұрғындары мемлекеттік қызметтерге сапалы қол жеткізіп, кабинеттер алдындағы кезекте күтпей проблемалық мәселелер бойынша өтініш бере алады»  - деп атап өтті Амангелді Смайылов.

 

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.