Біздің міндетіміз – мемлекеттік аппараттың ашықтығын қамтамасыз ету

Біздің міндетіміз – мемлекеттік аппараттың ашықтығын қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі күрес мәселесін тағы бір мәрте қозғады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасалған мекеменің бірінші басшысының жауапкершілігін заңнамалық және нормативтік тұрғыдан нақты белгілеу керек. Сондай-ақ, заңсыз және арандатушылық әрекеттерге барғаны үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының қызметкерлерін қатаң жазалау керек. Ондай қызметкерлерге тергеу саласында орын жоқ.      Кінәсіздік презумпциясы қағидаты толық көлемде сақталуы тиіс» - деп Президент мәлімдеді.

Айта кету керек, бірінші басшылардың жеке жауапкершілігін арттыру – бұл Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында ерекше назар аударған міндеттердің бірі. Ендігі кезекте бұл міндет «Ақмола - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады.

Жоба шеңберінде жергілікті және аумақтық мемлекеттік органдардың бірінші басшылары және барлық деңгейдегі әкімдер дербес келісімдерге қол қойды. Осы Келісімге сәйкес, облыстың мемлекеттік органдарының басшылары өздерінің қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және мемлекеттік қызмет саласындағы Әдеп кодексі нормаларын сақтауына ғана емес, сонымен қатар өздерінің кәсіби қызметінде заңдылық, ашықтық, қол жетімділік және жариялылық қағидаттарын ұстануына, халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша шаралар қабылдауына жауапты.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті жобалың кеңсемен бірлесіп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою, бизнес-үдерістерді оңтайландыру, бюрократиялық кедергілерді жою, қызмет алушылардың құқықтарын қорғау, мемлекеттік органдарға келушілер үшін қолайлы жағдай жасау және мемлекеттік қызмет көрсету кезінде халықпен тікелей байланысты азайту үшін рәсімдерді автоматтандыру бойынша шаралар қабылдауда.

Тағы бір маңызды бағыт қоғамдық мүдделердің басымдығын қамтамасыз ететін тиімді тетік ретінде қоғамдық бақылауды жүзеге асыру үшін жағдай жасау болып табылады. Осы мақсатта, біздің облыста Департамент қызметкерлері Ашық бюджеттердің интерактивті картасын белсенді енгізіп, әлеуметтік маңызды салаларға жүйелі қоғамдық мониторинг жүргізуде.

Ашық бюджеттердің интерактивті картасы - publicbudget.kz алғаш рет Нұр-Сұлтан қаласы ауқымында іске асырылып, оның арқасында елорданың әлеуметтік объектілерін салуға, жөндеуге және ұстауға арналған бюджеттік шығындар туралы маңызды мәліметтер қолжетімді және халыққа түсінікті болды. Карта бөлінетін қаржы көлемі, құрылыс мерзімдері, кепілдік міндеттемелері, құрылыстың егжей-тегжейі бойынша ақпаратқа қол жеткізді. Кез келген ниет білдіруші көрсетілген процестерді бақылай алады, оларды құжаттамамен салыстыра алады және айырмашылықтар анықталған жағдайда тиісті фото және бейне материалдарды қоса бере отырып, уәкілетті органға хабарлай алады. Бұл ресурс жұмсалатын қаражаттың сомасын автоматты түрде талдайды және оларды ұқсас объектілермен салыстырады. Шығындар едәуір асып кеткен немесе кеміген жағдайда жүйе тәуекелді аймақтарды көрсете отырып, қоғамдық бақылауды автоматтандырады.

Жалпы, ашық бюджеттердің интерактивті картасы Елбасының мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын арттыруға және ақпаратқа қол жеткізуді жеңілдетуге бағытталған бастамаларын толығымен ақтайды. Бұл бағытта үлкен жұмыс жүргізілуде. Мысалы, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаевтың бастамасымен мемлекеттік органдар кабинеттік жүйеден Open Space форматына өтуде, себебі мемлекеттік органдардың халық үшін ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру мемлекеттік аппараттың басым міндеттерінің бірі болып табылады. Ашық кеңістікке көшу шенеуніктердің ұйымдық мәдениетінде өзгерістерді, олардың клиентке бағдарлануын арттыруды білдіреді және бұны уақыт талабына сай атқарылып жатқан жұмыс деп білеміз.

Сыбайлас жемқорлық құндылықтар дағдарысы кезінде пайда болатынын, яғни материалдық игіліктердің рухани игіліктерден асып түсуі арқылы қоғамдық санада көрініс табатынын ескере отырып, жоба қызметінде облыс халқының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру бойынша жұмыс маңызды рөл атқарады. Осы бағытта жұмыс істей отырып, біз әрбір ақмолалықтың санасында сыбайлас жемқорлықты қабылдамау және алдын алу тек уәкілетті органдардың міндеті ғана емес, әрқайсымыздың азаматтық ұстанымымыз екені туралы идеясын жүзеге асыруды мақсат етеміз. Пара, сыйлық беру, жеке мүдделерді қолдау арқылы заңды айналып өте отырып жеке мәселелерді шешу ниетінен бас тартатын уақыт келді.

Осы мақсатта ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті «Ақмола-адалдық алаңы» жобасымен бірлесіп халықпен тұрақты кері байланысты қамтамасыз етеді (соның ішінде әлеуметтік зерттеулер жүргізу арқылы), азаматтарды толғандыратын мәселелерді қызу талқылау мен шешуді қолдайды және ақмолалықтарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысқа белсенді қатысуға шақырады.

Мемлекет басшысының негізгі мәселелердің барлық спектрі бойынша алға қойған міндеттері гүлденген Қазақстанды құру мақсатына жетудегі жаңа кезең болатынына ешқандай күмән жоқ және әрқайсымыз оған белсенді қатысуға, барынша күш-жігерімізді жұмсауға тиіспіз.

 

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа

қарсы іс-қимыл агенттігінің

Ақмола облысы бойынша

департаментінің басшысы

Төлеубаев Мұрат Ахтанұлы

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.