Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі фермерлік шаруашылықты қате қосымша кеден есептеулерінен қорғады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі фермерлік шаруашылықты қате қосымша кеден есептеулерінен қорғады

Бұл туралы Агенттіктің алаңында өткен брифингінде хабарланды.

Экономиканы дамыту үшін Қазақстанға шетелдік инвестициялар тарту - мемлекеттік маңызды міндет, ол әсіресе ауыл шаруашылығы мәселесінде.

«Green Capital Kazakhstan» компаниясы жаңа жылыжай технологиясын қолдана отырып, Ақтөбе облысында көкөністер өсіреді. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл мамыр айында кәсіпорынның жұмысымен танысты. Сол кезде фирма директоры Дирк Алевен қызанақтың жыл сайынғы өнімі шамамен 3 мың тонна болатынын мәлімдеген болатын.

– Әр апта сайын біз 100 тоннадан жинаймыз. Негізінен 80%-ы Ресейге экспортқа кетеді. Қазір бізде 90 адам жұмыс істейді. Жылыжай бес гектарда орналасқан. Біз тағы 5–еу салғанда қызметкерлер саны 150-160 адамды құрайтын болады, - деп Д.Алевен айтқан болатын.

Бизнесмен қазақстандық БАҚ-қа берген сұхбатында жылыжайдың құрылысына рұқсат алуға 100 000 евро (500 млн. теңге) жұмсағанын атап өтті. Алайда, іс мұнымен бітпеген.

 Нидерландтық инвестор елге түрлі жабдықтар әкелген және оған Мемлекеттік кіріс комитетінің кеден органдары жоспардан тыс тексеру ұйымдастырған. Техниканы қате жіктегені үшін «Green Capital Kazakhstan»-ға   қазынагерлер 350 млн. теңге қосымша баж салығын есептеген. Фирма өкілдерінің айтуынша, бұл соманың қайдан пайда болғанын ешкім нақты түсініріп бере алмаған.

Сондықтан, олар заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігіне, нақтырақ айтқанда, «Protecting business and investments» жобалық кеңсесіне жүгінген.

– Әрине, біз мұндай қосымша есептеулермен келіспедік және жобалық кеңсе мен облыстық әкімдікке жүгіндік. Тек осыдан кейін ғана бәрі өзгере бастады. Менің ойымша, біз жобалық кеңсе қызметкерлерінің араласуынсыз мүлдем жұмыс істей алмайтын едік,- деді «Green Capital Kazakhstan LLP» ЖШС техникалық директоры Ерлан Жаңабергенов.

Агенттікте 1 млн. долларға жуық төлем компанияны банкрот етіп, сол арқылы Ақтөбе облысын 240 жұмыс орнынан айырып, мемлекеттік бюджет жыл сайын 480 млн теңгеге азаюы мүмкін болғанын атап өтті. 

Тексеру қорытындысы бойынша қате жіктегені үшін аталған кәсіпорынға 350 млн. теңгеден астам қосымша кеден есептеулерін көрсеткен. Және бұл компания мен инвестициялар жөніндегі комитет арасындағы кеден салығын төлеуден босату түріндегі инвестициялық преференция берілген келісім-шартқа қарамастан орын алған, - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі төрағасының орынбасары Шыңғыс Қабдула.

Нәтижесінде, ҚР Қаржы министрлігінің аппеляциялық комиссиясы инвестор мен кеденшілер арасындағы дауды қарастырды. Айыппұл кеден салымдары тек Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет араласқаннан кейін ғана тоқтатылды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.