Ақмолалықтар жемқорлыққа қарсы қызметке тікелей қатыса алады

Ақмолалықтар жемқорлыққа қарсы қызметке тікелей қатыса алады

Халыққа сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке қатысу үшін көбірек мүмкіндік беру керек. Мұндай шара ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаевтың қатысуымен өткізілген интернет-конференция барысында ұсынылды.

«Арнайы мониторингтік топтың құрамына кіріп, қоғамдық мониторингке қатысу үшін не істеу керек?», - деп желі қолданушыларының бірі Тұрар Жайылған сұрақ қойды.

         Мұрат Төлеубаев АМТ құрамына кіру үшін Департаменттің Жемқорлықтың алдын алу және парасаттылық басқармасына өтінім білдіру қажет деп жауап берді. Оның айтуынша, топ мүшелері өтінім білдірушінің үміткерлігін қарастырып, оның құжаттарына талдау жүгізіп, тілдесу ұйымдастырады.

«Топтың құрамына қоғам игілігі үшін аянбай еңбек етуге дайын мақсаткер, талантты тұлғалар тартылады. Соның өзінде олар азаматтық қоғам институттарының өкілдері,  қоғамдық бастамадағы азаматтар болуы мүмкін. Сонымен қатар әлеуметтік маңызы зор салалардың сарапшылары үшін, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктерде жұмыс істеу тәжірибесі мол адамдар үшін де есік ашық» - деп Мұрат Төлеубаев атап өтті.

         Интернет-конференция барысында қолданушылар «Интерактивті қоғамдық бақылау картасы» жобасына қызықты. Естеріңізге сала кетсек, бұл жоба азаматтарға бюджет шығындарын қадағалауға, нақты бағыттарға қаржы бөлу бойынша ұсыныстар енгізуге мүмкіндік беріп отыр. Департаментте айтып өткендей, аталған жоба Ақмола облысында жақын арада енгізілмек.

         Оған қоса, желі қолданушылары бизнеске қысым жасайтын шенеуніктерге қарсы қолданылатын шаралар туралы сұрады. Белгілі болғандай, Агенттік бизнес пен инвестицияларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу бойынша жобаны сәтті жүзеге асыруда. Мұрат Төлеубаев Департаменттің «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен және өзге уәкілетті органдармен бірлесіп лауазымдық тұлғалардың кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуымен белсенді күресетінін айтты.

         Сонымен қатар жаңа ведомствоның құрылымына, департамент қызметінің жаңа бағыттарына, азаматтарды қабылдауға, білім саласындағы тұрмыстық жемқорлықпен күресуге қатысты сұрақтар қойылды. Барлық сұрақтарға тиісті жауап берілді.

 

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.