Қазақстанның барлық аймақтарында қоршаған ортаның радиологиялық мониторингі жүргізілді
ҚР ДСМ ТКҚСҚБК «Ұлттық сараптама орталығы» республиканың барлық аймақтарында мемлекеттік тапсырыс шеңберінде қоршаған ортадағы гамма-фонның жағдайына мониторинг жүргізеді.
Халықтың қоғамдық денсаулығын радиациялық факторлардан қорғау мақсатында Ұлттық сараптама орталығының радиологиялық зертханалары күн сайын қоршаған ортадағы гамма сәулелену дозасының қуаттылығына мониторинг жүргізеді.
Мәселен, 2019 жылғы 22 тамыздағы деректерге сәйкес қоршаған ортадағы радиациялық фон тұрақты болып табылады, табиғи гамма фонның артуы, сондай-ақ атмосфералық ауа мен жауын-шашын сынамаларында радиоактивті ластану тіркелмеген, гамма-сәулелену дозасының қуат деңгейі сағатына 0,05-0,19 микрозиверт (мкЗв/сағ) шегінде. Иондаушы сәулелену нормасы - 0,30 мкЗв/сағ.
Атмосфераның жерге жақын қабатының радиоактивті ластануына мониторинг жиынтық бета-белсенділікті анықтауға ауа сынамаларын іріктеу, тұнбаларды және сүзгілерге шөгетін шаңды жинау, сондай-ақ гамма-сәулесінің экспозициялық дозасының қуатын өлшеу арқылы жүргізіледі.
Аталмыш мониторинг Ұлттық сараптама орталығының маңызы бар қалаларда,14 облыстық, 25 қалалық, 157 аудандық бөлімшелерінде жүзеге асырылады.
22.08.2019 ж. ҚР аумағының гамма-фонының мониторингі |
|
Филиалдардың атауы |
Гамма сәуле дозасының қуаты |
Ақмола облысы |
0.10-0.19 мкЗв/сағ |
Ақтобе облысы |
0.08-0.14 мкЗв/ сағ |
Алматы облысы |
0.13-0.14 мкЗв/ сағ |
Атырау облысы |
0.03-0.05 мкЗв/ сағ |
Шығыс-Қазақстан облысы |
0.13-0.14 мкЗв/ сағ |
Жамбыл облысы |
0.12-0.14 мкЗв/ сағ |
Батыс-Қазақстан облысы |
0.07-0.12 мкЗв/ сағ |
Қарағанды облысы |
0.11-0.13 мкЗв/ сағ |
Қостанай облысы |
0.07-0.09 мкЗв/ сағ |
Қызылорда облысы |
0.08-0.17 мкЗв/ сағ |
Манғыстау облысы |
0.06-0.08 мкЗв/ сағ |
Павлодар облысы |
0.05-0.17 мкЗв/ сағ |
Солтүстік-Қазақстан облысы |
0.10-0.10 мкЗв/ сағ |
Түркестан облысы |
0.12-0.12 мкЗв/ сағ |
Шымкент қ. |
0.12-0.12 мкЗв/ сағ |
Алматы қ. |
0.14-0.14 мкЗв/ сағ |
Нұр-Сұлтан қ. |
0.8-0.16 мкЗв/ сағ |
ҚР ДСМ ҰСО Баспасөз-қызметі
[xfvalue_img]