«Белсенді» салық төлеушілердің небәрі 10%-да бұзушылықтар анықталған және оларға хабарламалар жіберілді

«Белсенді» салық төлеушілердің небәрі 10%-да бұзушылықтар анықталған және оларға хабарламалар жіберілді

 

ҚР Салық кодексімен әртүрлі салықтық бақылаудың нысандары орнатылған. Бұл ретте практика көрсеткендей негізгі нысандары салықтық тексеру және камералдық бақылау болып табылады. 

Қашықтықтан мониторингті дамыту мақсатында соңғы үш жыл бойы Комитетпен бақылау шараларды оңтайландыру бойынша маңызды жұмыс жүргізілді. Бұл туралы мемлекеттік кірістер органдарының құрылуының бес жылдығына арналған конференция барысында МКК Бақылау департаментінің директоры Ержан Тоқтарханов айтып берді.

2017 жылдан бастап Бас прокуратура және «Атамекен» ҰКП-мен жоспарлы түрде бизнеске жүктемені төмендету, соның ішінде тексерістерді азайту бойынша бірлескен жұмыстар жүргізілуде. 

Осыған байланысты, қазіргі уақытта салықтық әкімшілендіруде салық тексерістерден камералдық бақылау жүргізуге көбірек назар ауыстырылды.

 «Камералдық бақылаудың ең бірінші мақсаты анықтаған бұзушылықтарды салық төлеушіге дербес жою құқығын беру болып табылады. Қазіргі уақытта    тәуекел дәрежесі жоғары бұзушылықтар бойынша – хабарлама жіберіледі, тәуекел дәрежесі аздау бұзушылықтар бойынша камералдық бақылау нәтижелерi бойынша хабарландыру жіберіледі, ал үлкен емес бұзушылықтар сомаларына хабарламалар және хабарландырулар мүлде жіберілмеді», - деді Е.Тоқтарханов.

Оның айтуынша, 2019 жылдың өткен кезеңі бойынша «белсенді», яғни айналымдар болған салық төлеушілердің жалпы санынан тек әр оныншысына хабарлама жіберілген.

2019 жылдың 1 жартылығы бойынша жіберілген хабарламалардың нәтижелік көрсеткіші 60% құрады және ол өсуде.

«2019 жылдың ішінде камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық төлеушілермен өз бетінше қосымша декларациялар тапсырылды және 94,9 млрд. теңге көлемінде салықтар есептелді, оның ішінде 81,5 млрд.теңге өндірілді.

Камералдық бақылау адал салық төлеушілерге кедергі болып саналмайды, керісінше жіберілген бұзушылықтар туралы назар аударып, салық төлеушілер өз қателіктерін айыппұлсыз түзете алуына көмектеседі», - деп МКК-нің өкілі атап көрсетті.

Е.Тоқтарханов шешуді қажет ететін мәселелерге де тоқталды.

Оның айтуынша, салық төлеушілердең негізгі ескертулер түсініктемелерді қабылдамау, салық органдарымен қолданылған шаралардың заңсыздығы банктік шоттарды жабу туралы, қате құрастырылған хабарламалар бойынша келіп түседі.   

«Осындай фактілерді алып тастау мақсатында Мемлекеттік кірістер комитетімен камералдық бақылау рәсімдердің тізімі бекітілген,   осы тізімді  өңкей тексерілген бұзушылықтар түрлерімен толықтырылады, сапалы мүмкіндік береді, қате құрастырылған хабарламалар және хабарландырулар мен жіберу факторын сапасын төмендетуге мүмкіндік береді.», - атап көрсетті ол.    

Осы уақытта камералдық бақылауында акцент автоматтандырылған  камералдық бақылауына қойылады. Жағдай тұрақты негізінде талданады, оның нәтижесі бойынша заңнамаға қосымша түзетулер ұсынылады немесе ішкі регламенттер жасалады.

Салық төлеушілердің ұсыныстарын ескере отырып, камералдық бақылау шеңберіндегі өзара іс-қимылдар бойынша бірқатар түзетулер ұсынылды.

Келесі жылдың басынан бастап Салық заңнамасына келесі өзгерістер еңгізіледі:

  • Хабарламаны орындалмаған деп тану туралы шешiм ҚР Қаржы министрінің бұйырығымен бекітілген мерзімде және нысанда жасалады;
  • Салық төлеушілер хабарламаны орындалмаған деп тану туралы Шешiм бойынша шағымдана алады;
  • Дәлелді себеппен өткізіп алынған шағымдану мерзімін қайта жаңартуға салық төлеуші өтінішін ұсынуға құқық берілді;
  • Шешімге шағым берген кезде осы шағым қарастырылғанға дейін салық төлеушінің банктік шоттарды жабу және жоспардан тыс тексерістерді тағайындау тоқтатылады.

Сөз соңында Е.Тоқтарханов мемлекеттік кірістер органдары және бизнес саласыныңс өкілдерімен бірлескен жұмыс заңнамадағы өткір сұрақтарды бірізге келтіруге және сәйкесінше оларды шешуге көмектесетінін атап өтті.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.