Медицина университетінің студенттері мен оқытушылары "Ақтөбе – адалдық алаңы" жобасы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жазғы мектепте коучингтен өтті"
Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл департаменті жанындағы "Ақтөбе-адалдық алаңы" жобалық кеңсесі М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің 150 студенттері мен профессорлық-оқытушылық құрамына сыбайлас жемқорлыққа қарсы Жазғы мектеп ұйымдастырды.
Коучингтің мақсаты-теориялық негіздер мен практикалық дағдыларды қамтитын сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру, сондай-ақ болашақ медиктерді парасаттылық пен адалдыққа шақыру.
Ерекше тренингке Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл департаментінің басшысы Мирлан Мұхамбетов, "Ақтөбе-адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің басшысы М.Сағындықова және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетнің аға оқытушы Н.Урбисинова қатысты.
Мирлан Мұхамбетов өз сөзінде ежелгі грек философы Сократтың "Барлық мамандықтар адамдардан, тек сот, мұғалім және дәрігер үшеуі Құдайдан" деген сөз тіркесін жазып, студенттердің назарын кәсіпқойлықтың емес, сонымен қатар таза ар-ұяттың маңыздылығына көңіл аудартты.
Іс-шара президиумсыз және трибунасыз еркін түрде өткізіліп, студенттердің қызығушылығын тудыртты және олар спикерлердің әрқайсысына сұрақ қойды.
Іс-шара соңында белсенді тыңдаушыларға естелік сертификаттар табысталды.
[xfvalue_img]