Елордада «Қауіпсіз жол» республикалық жедел-профилактикалық іс-шара өткізіліп жатыр.
Іс-шара аясында полицейлер автобус парктерінің қоғамдық көлік жүргізушілерімен және кондукторларымен кездесті. Көлік мамандарының біліктілігі орталығында ( «Астана ЛРТ» ЖШС), «Астана Тазалық» ЖШС және «Зеленстрой» АҚ ұйымдарында жүргізушілер құрамымен алдын алу әңгімелесулер жүргізіліп, онда қала көшелеріндегі , оның ішінде аталған ұйымдардың қоғамдық көліктері мен мамандандырылған автомашиналарының қатысуымен орын алатын апаттылық жағдайлары егже-тегжей талқыланды. Сондай-ақ ұйымдардың назарына жұмыс жүргізу кезінде жолдың жүретін бөліктері мен жол белгілерін сапалы ұстауды қамтамасыз ету туралы жеткізілді.
Әңгімелесу барысында жүргізушілер бағыттарға қызмет көрсету кезінде ең қолайлы және қауіпсіз жағдайды жасау үшін қала көшелерінің жекелеген учаскелерінде жол қозғалысын ұйымдастыруды өзгерту бойынша ұсыныстар айтты.
«Қауіпсіз жол» ЖПШ аясында тәртіп сақшылары жол-көлік оқиғасының өсуіне әсер ететін жол қозғалысы ережесін өрескел бұзушылықтарды анықтауға, жолын кесуге бағытталған рейдтік және профилактикалық іс-шараларды жүргізіп жатыр.
Жол-көлік оқиғасына талдау жасау ағымдағы жыл басынан бері қоғамдық көлік жүргізушілерімен 1900 ЖҚҚ бұзушылық жасалғанын көрсетті.
[xfvalue_img]