Жыл басынан бері полиция қызметкерлерімен 62 автомобиль аккумуляторлары ұрлығы ашылып, осы істі кәсіп қылған 12 қылмыстық топтың жолы кесілді.
Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментімен автокөлік салонынан немесе аккумулятор ұрлығының алдын алу, жолын кесу және ашу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Мысалға, ағымдағы жылдың 26 мамырында полиция қызметіне кәсіпкер хабарласып, оның жүк көлігінен 2 аккумуляторлардың ұрланғандығын айтқан. Осы күні жедел-іздестіру іс-шаралары барысында елордалық криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері күдіктілерді анықтады. Қолға түскен екеу бұрын сотталған қала тұрғындары болып шықты.
Қазіргі уақытта күдіктілер 3 ұрлық жасағандығын мойындап отыр. Айғақты заттар тәркіленіп, «ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Нұр-Сұлтан қаласы ПД Уақытша ұстау изоляторына қамалып, осы тәріздес басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексерілуде.
Нұр-Сұлтан қаласы ПД Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]