Ақмола облысында дәрісшілер топтарының жұмысы жандануда

Ақмола облысында дәрісшілер топтарының жұмысы жандануда

 

Жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру бойынша дәрісшілер тобы «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының жұмысшылары арасында жемқорлық құқық бұзушылықтардың орын алуына жол бермеу мақсатында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ «ЖТ Ақмола бөлімшесі» филиалының еңбек ұжымымен және басшылық құрамымен кездесу өткізді.

Бейнеконференциялық байланыс арқылы аталған кездесуге Ақмола, Қостанай, Солтүстік-Қазақстан облыстарындағы және Нұр-Сұлтан қаласындағы бөлімшелерінен шамамен 500 қызметкер қатысты.

«Ақмола – адалдық алаңы» жобасы шеңберінде Ақмола облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру бойынша облыстық және аудандық ақпараттық-дәрісшілер топтары құрылып, олардың құрамына мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың, ЖОО, кәсіподақ ұйымдарының, БАҚ және арнайы мониторингтік топтың мүшелері кірді.

«Дәрісшілер топтарының мақсаты – құқықтық сауаттылықты арттыру, жемқорлық тәуекелдері туралы ескерту, өмірлік маңызды мәселелердің құқықтық шешмін табуға бағытталған консультациялық көмек беру. Бұл топтардың жұмысы тұрақты әрі үздіксіз жалғасатын болады» - деп ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Берген Беспалинов мәлімдеді.

Кездесу барысында дәрісшілер тобының мүшесі Ақерке Бекахметова тұрмыстық жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру арқылы азаматтарға қолайлы жағдай жасау, мемлекеттік органдар мен мекемелердің ашықтығын, қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан шаралар жөнінде айтып өтті.

«Біздің қызметіміздегі барлық процестер қоғамның бақылауымен, ашық түрде өтуі тиіс» - дейді Ақерке Бекахметова.

Бірінші басшылардың өз қарамағындағы қызметкерлердің жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапқа тартылуы, жемқорлық қылмыстар үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту жөнінде теміржол қызметшілеріне дәрісшілер тобының мүшесі Есбол Кенжалин баяндап, теміржол саласындағы жемқорлықтың себеп-салдарын жоюға бағытталған шараларды қабылдаудың қажеттігін атап өтті.

«Жемқорлық қылмысының әрқашан да екі тарапы бар: пара беруші және пара алушы. Бірақ заң алдында бәрі де тең. Бірінші басшылар жемқорлық жасаған өз қарамағындағы қызметкерлер үшін жауап беруі тиіс», - деп Есбол Кенжалин атап өтті.

Оның айтуынша, кадрлық мәселелерге басты назар аударған жөн. Жүк және жолаушылар тасымалы жүйесіндегі жемқорлық тәуекелдерін және қажетсіз құрылымдарды жоюмен бизнес-үдерістерге толық реинжиниринг жүргізу қажет.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.