Нұр-Сұлтан қаласында ломбардты тонады деген күдік бойынша екі күдіктіні ұстады
Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ломбард витриналарынан ұялы телефондарды ашық түрде жымқырды деген күдік бойынша 2 күдіктіні ұстады.
Тергеп-тексеру барысында ломбардтың тәулік бойы жұмыс істейтіні, аталған ломбардта жеке күзеттің жоқ екендігі, дабыл батырмасымен жарақталғаны анықталды. Күдіктілер түнгі уақытта ломбардқа кіріп, витринаны қолымен сындырып, ұялы телефондарды алып, қылмыс орнынан жасырынған.
Полицейлер күдіктілерді бейнебақылау камералары арқылы анықтап, ұстаған. Мобильді телефондар тәркіленіп алынып, иесіне қайтарылды.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдіктілердің бұрын елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.
Аталған азаматтардың заңға қайшы әрекеттерінен зардап шеккен азаматтар болса Бейбітшілік көшесі, 19 мекенжайы бойынша Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментіне жүгінулерін немесе 8 (7172) 71-61-51, 71-63-16 немесе «102» телефондарына хабарласуларын сұраймыз.
Нұр-Сұлтан қаласы ПД Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]