Онлайн бақылау касса машинасын қолдануға көшу

Онлайн бақылау касса машинасын қолдануға көшу

 

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2018 жылдың 27 қарашадағы №1029 бұйрығын жүзеге асыру мақсатында, 2019 жыл ішінде тоқсандық негізінде онлайн бақылау касса машинасын қолдануға 633 қызметтер түрі өтеді:

  • 2019 жылдың 1 сәуірінен 323 қызмет түрі;
  • 2019 жылдың 1 шілдесінен 86 қызмет түрі;
  • 2019 жылдың 1 қазанынан 224 қызмет түрі.

 2019 жылдың ішінде онлайн БКМ қолдануға өту толығымен жүзеге

асырылады.

         Салық төлеушілерге ДБФ (деректерді беру функциясы бар) БКМ есепке қою/өзгерістер енгізу/есептен шығару үшін, ДБФ БКМ бойынша мәліметті мемлекеттік кірістер органына ФДО (фискалды деректердің операторы) сайты www.oofd.kz арқылы жолдау қажет.

         БСАЖ (біріктірілген салықтық ақпараттық жүйе) АЖ  өз кезегінде, ДБФ БКМ мәліметтерін тексергеннен кейін, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін, яғни БКМ тіркеу карточкасын ФДО сайты арқылы ұсынады.

         БКМ чегінде қамтылатын ақпараттар кеңейтіліп, атап айтқанда, келесі мазмұнмен толықтырылды:

  • бір данаға тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бағасы;
  • тауар, жұмыс, көрсетілетін қызметтің атауы;
  • тауар,жұмыс,көрсетілетін қызметтің салы, өлшем бірлігі;
  • өткізілген тауардың, орындалған жұмыстың, көрсетілетін қызметтің жалпы сомасы;
  • қосылған құн салығы, тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету бойынша салық салынатын айналымы бойынша ҚҚС мөлшерлемесін көрсетумен-салық төлеуші ҚҚС төлеушісі болып табылған жағдайда;
  • бақылау-касса машинасын пайдалану жерінің адресі;
  • кодталған түрінде бақылау-касса машинасының чегі туралы ақпаратта бар штрихты код.

         Ақшалай есеп айырысулар кезінде бақылау-касса машиналарын қолданудан:

  • жеке тұлғалар;
  • адвокаттар мен медиаторлар;
  • қызметін:

патент негізінде 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін;

бірыңғай жер салығын төлеуге негізделген арнаулы салық режимі бойынша 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін;

  • билеттерді бере отырып, қалалық қоғамдық көлікте тасымалдау бойынша халыққа қызметтер көрсету бөлігіндегі;
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі;
  • екінші деңгейдегі банктер босатылады.

Нұр-Сұлтан қаласы

Байқоңыр ауданы бойынша

мемлекеттік кірістер басқармасы заңды тұлғалармен жұмыс бөлімінің

бас маманы Г.М. Даниярова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 2

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив