Ақмола облысында 900 астам мемлекеттік қызметші ым-ишарат тіліне үйретілді

Ақмола облысында 900 астам мемлекеттік қызметші ым-ишарат тіліне үйретілді

 

Күнделікті өмірде есту қабілеттері бойынша мүмкіндіктері шектеулі азаматтар мемлекеттік органдарға қандай да бір қызмет алуға келген кезде бөгеліп, өздерін ыңғайсыз сезініп, қандай мақсатпен келіп жатқандарын айта алмай жатады. Бұл азаматтар біздің қоғамымыздың ажырамас бөлшегі. Осыған орай халықтың осы аталған санатына қызмет көрсетудің дұрыс амал-тәсілдерін қарастыру мәселесі туындайды. Мемлекеттік органдардың қызметшілерін «ым-ишарат тілінде сөйлеуге» үйрету есту қабілеттері бойынша мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың келген мақсаттарын түсінуге, әңгімелесуде туындайтын бөгеттерді жоюға және ең бастысы – сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақмола облыстық филиалы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен бірлесіп өткен жылдан бері «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өзгерістерді өзіңнен баста» ішкі бағдарламасы шеңберінде «Сөйлеуші қолдар» (Говорящие руки) жобасын жүзеге асырып келеді. Жобаның мақсаты – мемлекеттік қызметшілерді халықтың мақсатты топтарын (есту қабілеті жағынан мүгедек азаматтарын) түсінуге, олармен қиналмай жұмыс істеуге үйрету, клиентке бағдарлануын және азаматтардың сенімін  арттыру болып табылады. «Қазақ саңыраулар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Ақмола облыстық филиалының қолдау көрсетуімен аталған жобаның қатысушылары үшін пікірсайыс, диалогтық алаңдар, топтық жаттығулар түрінде сабақ өткізіледі. Бұл жұмысқа ишарат тілінің мамандары, психологтар, дефектологтар, басқа да мамандар тартылды. Сонымен қатар жоба ақпараттық презентациялар, бейнежазбалық сабақтар көрсету, әдістемелік нұсқаулар әзірлеп тарату арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда Ақмола облысында 918 мемлекеттік қызметші ым-ишарат тіліне үйретілген

 

Жазира Тоқтар,

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің

Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз хатшысы

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив