«Халыққа мінсіз қызмет ету - табысты мемлекеттің кепілі»

«Халыққа мінсіз қызмет ету - табысты мемлекеттің кепілі»

Деген атаумен 21 ақпанда өткен облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаментінің алқа отырысында қол жеткізген нәтижелер мен міндеттер, сондай-ақ 2019 жылға арналған жоспарлар талқыланды.

Ұйымдастырушылар үйреншікті форматағы отырыстан бас тарта отырып, пікір алмасуға еркін талқылау алаңын құрды.

Жаңа кеңейтілген форматтағы шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, облыстық мәслихат хатшысы Сәния Қалдығұлова, Ұлттық бюро департаментінің басшысы Мирлан Мұхамбетов, МҚІжСЖҚІ департаментінің басшысы Расул Медетов, қала әкімі Ильяс Испанов, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік  басқару Академиясы филиалының директоры Саида Сәдуақасова,облыстық мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдар және ЖОО-ң басшылары, арнайы мониторингтік топ мүшелері, бизнес, БАҚ өкілдері, және де блогерлер қатысты.

Бейресми диалог облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментінің басшысы Расул Медетовтың атқарылған жұмыстар, қол жеткізілген нәтижелер мен алдағы қойылған жоспарлар туралы қысқаша баяндамасынан басталды.

Әрі қарай кездесу мемлекеттік органдардың ұйымдастыру мәдениетін өзгерту және мемлекеттік қызметшілердің жұмысының тиімділігіне кедергі келтіретін күнделікті қызметтегі жекелеген элементтерден құтыла отырып, олардың сана-сезімін өзгерту мәселелерін талқылаумен жалғасты.

Осы орайда, өз сөзінде Ақтөбе қаласы Алматы ауданының әкімі Алмаз Әлімбаев мемлекеттік органдардың ашықтығы мен қол жетімділігінің бір құралы ретінде "OPEN SPACE" "front office", "Сервистік Әкімдік" ұғымдарын енгізу қажеттігін атап өтті.

Одан әрі алқа мүшесі, "Мансап" мемлекеттік қызмет мектебінің ІІ маусымының түлегі Евгения Артығалиев мемлекеттік қызметшінің кәсіби дағдыларын меңгерудегі алған әсерлерімен, мемлекеттік қызметке өзбетімен түсу тәжірибесімен бөлісті.

Сондай-ақ, талқылау кезінде қатысушылар мемлекеттік қызмет түрлерін цифрландыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы қоғамның рөлі, бизнесті қорғау және сыбайлас жемқорлық көріністерін жою туралы өзекті мәселелерді назардан тыс қалдырмады.

Сөз соңында облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Р.Медетов адам және оның қажеттіліктерін басты назарға қоятын сыбайлас жемқорлықтан арылған мемлекеттік қызмет жүйесіне ауысу қажеттілігін атап өтті.

«Сыбайлас жемқорлықты қабылдау көп жағдайда коммуникацияның пәрменді арналарының болуына байланысты. Жалпы, бізге қоғамды қызметіміз туралы хабардар ету тәсілдерін түбегейлі өзгерту керек деп санаймын. Халық мемлекеттік қызметшілер арасындағы оң өзгерістердің көшбасшылары бары туралы ақпараттандырылмаған.Мемлекеттік органдардың жетістіктерін де қолжетімді ету керек. Бұл туралы айту керек. Бірақ, ең бастысы, біз коммуникациялық стратегияны кері байланыс тауып, адамдарды бізге көмектесуге итермелейтін етіп қайта құруымыз қажет», - деді Р.Медетов.

Соңында Р. Медетов барлық мемлекеттік органдарды "Ең  сервистік және әдепті мемлекеттік орган!" атты челленджіне қатысуға шақырды. 

Пікірталастың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметшілердің тиімді жұмысын жолға қоюға мүмкіндік беретін ұсыныстар жасалды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.