Астана әкімі Бақыт Сұлтанов көпбалалы аналармен кездесті

Астана әкімі Бақыт Сұлтанов көпбалалы аналармен кездесті

Бүгін «Астана» концерт залында қала әкімі Бақыт Сұлтанов көпбалалы аналарды өзі қабылдады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Әкім Бақыт Сұлтановтың көпбалалы аналармен кездесуі «Ашық есік күні» аясында өтті. Қала тұрғындары «Астана» концерт залына келіп, өздерін алаңдатқан сұрақтарды қоя алды. Бақыт Сұлтанов жиналғандар алдында сөз сөйлеп, көпбалалы аналардың бірде-бір өтініші жергілікті атқарушы органдардың назарынан тыс қалмайтынын айтты. «Ай басталғалы бері аудан әкімдіктері мен бейінді басқармалар азаматтарды қабылдауды жүргізіп жатыр. Нәтижесінде аса мұқтаж отбасылардың деректер базасы құрылды, нақты қажеттіліктері мен проблемалары анықталды. Бірінші кезеңде азық-түлік, көмір, мектеп құралдарымен көмек көрсетілді. Біздің тарапымыздан әр отбасын қолдау жөнінде жоспарлы шаралар әзірленді», – деді Бақыт Сұлтанов. Оның айтуынша, қаланың шеткі алаптарын ескі және апаттық жағдайдағы үйлерді сүру бағдарламасына қосу мәселесі жақын арады шешімін табатын болады. «Біз аз қамтылған және көмекке аса мұқтаж отбасыларды, оның ішінде көпбалалы отбасылардф муниципалдық тұрғын үймен қамтамасыз етуге тиіспіз», – деді әкім. Бақыт Сұлтанов атап өткендей, қиындық көріп отырған әрбір отбасы үшін «Жұмыспен қамтудың жол картасы», «Бизнестің жол картасы» бағдарламаларының мүмкіндіктері,  әлеуметтік қолдау және атаулы әлеуметтік көмек тетіктері пайдаланыла отырып, қолдау құралдары  анықталатын болады. Сондай-ақ, азаматтарды жұмысқа орналастыру мәселесі де шешілмек.  «Біз азаматтардың қала үшін басым бағыттар бойынша біліктілігін арттырып кейіннен жұмысқа орналасуға көмектесеміз. Сондай-ақ, қолда бар ақпараттың негізінде көмек көрсету, соның ішінде тұрғын үй сертификаттарын тапсыру мүмкіндігін ұсыну үшін ресурстарды жұмылдыру алгоритмін әзірленеді», деді Б. Сұлтанов.  Сұрақ қойғысы келетіндердің қарасы қалың екендігін ескеріп, Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов аудан әкімдерімен және барлық басқармалардың басшыларымен бірге азаматтарды жеке қабылдауды жалғастырды. «Қала тұрғындарының барлық арыздары мен өтініштері жедел түрде жүйелендіріліп, талданып, көпбалалы отбасыларды қолдауды күшейту жөніндегі ҚР Үкіметі жанынан құрылған жұмыс тобының қарауына жолданды», – деді әкім.

                                                                      Астана қаласы Әкімінің баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.