Ақтау қаласының әкімі Ғалымжан Ниязов тұрғындар алдында қорытынды есеп берді.
Есептік кездесуге облыс әкімі Ералы Тоғжанов, мәслихат депутаттары, облыс және қала әкімдігінің активтері, мемлекеттік мекеме басшылары, қала тұрғындары мен бақаралық ақпарат құралдары қатысты.
Ғ.Ниязов 2018 жылы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан, ҚР Үкіметінің, Маңғыстау облысы әкімінің тапсырмасы бойынша қаланың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін сақтауға, қоғамдық-саяси тұрақтылығын қамтамасыз ету бағытында атқарған жұмыстары бойынша баяндама жасады.
2018 жылы қаланың өнеркәсіп кәсіпорындары222,5 млрд.тенгеніқұрайтын өнім өндірді. Сонымен қатар мемлекеттік бюджетке салық пен басқа да міндетті төлемдерден 341,3 млрд. теңге түсті.Елбасының тапсырмасына сәйкес кәсіпкерлерді қолдау мақсатындақала әкімдігі «100 сауда нүктесін» енгізуді жоспарлап, белгіленіп нүктелерді аукционға шығарылмақ. Сонымен қатар, әкімдікпен жергілікті бюджетке салық түсімдерінің көздерін ұлғайту мақсатында, барлық шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне түгендеу яғни паспортизация жұмыстары жүргізіліп, нәтижесімен 2017 жылы 1451 субъектілері болса, 2018 жылда 2370 субъектіге ұлғайған.
Игерілмеген жер орындарды мемлекетке қайтару бойынша да ауқымды шаралар атқарылды. Өткен жылы жалпы көлемі 126 га құрайтын 27 жер учаскесімемлекет меншігіне қайтарылып, өңірде туризмды дамыту бойынша абаттандырылуға бағытталды. Атап айтсақ, 15 шағын аудан «Самал» тұрғын-үй массиві мен «Достар» жағажайы аралығы сот шешімімен қала меншігіне қайтарылып, сол аймақта халық игілігі үшін пайдаланылатын аквапарк салу жоспарланып отыр.
Одан бөлек, ұзындығы 1,5 км құрайтын «Ля-море» кафесінен бастап «Алые паруса» кафесі аралығында теңіз жағалауынан жаяу жүргіншілерге арналған абаттандыру жұмыстарының эскиздік жобасы жасақталған.Ол жұмыстарды сол жерде орналасқан жер иелерінің қаражаты есебінен жүзеге асыру көзделген.Сондай-ақ, қала әкімі Ғ.Ниязов әлеуметтік сала бойынша атқарылып отырған жұмыстарға да кеңінен тоқталды. 2018 жылы Қала бойынша 11 575 жаңа жұмыс орны ашылды.Оның ішіндегі қаланың 1624 тұрғыныжұмыспен қамту орталығы арқылы тұрақты жұмысқа орналастырылды.Мүжәлсіз 26 338 азаматқа ақшалай көмек көрсетілсе, 1236 мүгедекке 586 500 дана арнайы құралдар берілді (кресло-арба, тифло-сурдо құралдар, міндетті гигиеналық құралдар т.б.).
Білім беру саласында да көптеген өзгерістер байқалады.
2018 жылы қалада барлығы 1495 орынды 9 балабақша ашылды.Осылайша 3-6 жас аралығындағы балалардың үлесі 98,1%-ға жетті, яғни 13630 баланы құрады. Кезектегі 3-6 жас аралығындағы балаларды балабақшамен жүз пайыз қамту үшін салып жатқан көпқабатты үйлердің бірінші қабатынан 555 орынды және 14 ш/а бұрынғы балалар интернатының ғимаратына 280 орындық балабақшалар ашу жоспарлануда.
2017-2018 оқу жылындаАқтау қаласы бойыншаҰлттық бірыңғай тестілеудің орташа көрсеткіші 71,6 балл құрады.
Қала бойынша 47 оқушы «Алтын белгі», 50 оқушы «Үздік аттестат» иегері атанды.Жергілікті бюджет есебінен әлеуметтік қорғауға алынатын көпбалалы, әлеуметтік аз қамтылған, бала күнінен мүгедек, ата-аналары І,ІІ топтағы мүгедектері отбасының 1430 баласы орта мектептерде тегін ыстық тамақпен қамтылды.
Кондоминиум обьектісін басқару органдарына келетін болсақ, тұрғындар тарапынан КСК қызметіне қатысты 2018 жылдың басынан 377 арыз-шағым келіп түскен.Осыған орай, қалалық Қоғамдық Кеңестің жанынан басқарушы компаниялар мен ПИК (ПКСК) жұмысындағы проблемалық мәселелерді қарау жөнінде комиссия құрылды.Комиссияның негізгі жұмысы тұрғын үй-жайлардың меншік иелерінен түскен өтініштерді, шағымдарды қарау, дәлелдерді анықтау бойынша кондоминиум объектілерін басқару органдарынан барлық қажетті құжаттарды сұраумен арыздағы көтерілген мәселелерді анықтайтын болады. Қаланың құрылыс жұмыстарына келер босақ, 2018 жылы «Қазақстанның ипотекалық компаниясы» арқылы 32А ш/а – 478 пәтер кілттеріберілді.
«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры 32А ш/а –812 пәтер биыл қолданысқа беріледі(кредиттік үй).
33 ш/а 655 пәтерлі «Аққу-1» тұрғын үйі салынып, қолданысқа берілді.
34 ш/а «Ана мен Бала» орталығы ашылып, іске қосылды.
Қазіргі таңда 33 ш/а 670 пәтерлі (Аққу-3) көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілуде. Оған қоса биыл «КОС-2» нысаныіске қосылмақ.
Қала тұрғындарының демалысы мен мерекелік шаралардың кең деңгейде өткізу үшін 4А ш/а «Жартас Соқпағы» және 15А ш/а жағалау аймағын абаттандыружұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.
Қала әкімінің есебінен кейін, тұрғындар Ғ.Ниязовқа көкейде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды. Жиын соңында облыс әкімі Е.Тоғжанов қала әкімдігімен жасалған жұмысқа оң бағасын беріп, алдағы атқарылатын жұмыстарға сәттілік тіледі.
Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
[xfvalue_img]
25 пікір