Астана полицейлері автокөлік шамдарын бірнеше рет ұрлаған күдіктілерді ұстады.
Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде түнгі уақытта үйлердің маңайындағы аумаққа кіріп, «Volkswagen Touareg» маркалы автокөліктерден шамдарды ұрлаумен айналысқан 25 жастағы ер адам ұсталды.
Соңғы рет ұрлық автокөлігін көп пәтерлі үйдің маңайында қараусыз қалдырған қала тұрғынына қатысты жасалған. Қаскөй автокөліктің алдыңғы шамдарын шешіп алған, сөйтіп 150 мың теңге сомасында айтарлықтай шығын келтірген.
Полицейлер ұрланған шамдарды тәркіледі, күдіктіні Астана қаласы ПД УҰИ орналастырды, ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Ұсталған адамның осындай екі ұрлыққа қатысы дәлелденді.
Өткен жылы күдіктінің автокөліктерден шамдарды ұрлағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылғаны анықталды.
Автокөлік жүргізушілерінен сақ болуларын және өздерінің көлік құралдарын сақтауларын сұраймыз. Автокөлікте бағалы заттарды қалдырмаңыздар, күзет дабылын орнатыңыз, автокөліктерді күзетілетін автотұрақтарға және автопаркингтерге қойыңыздар.
Сондай-ақ қатты аяздарға байланысты автокөлікті кілтін қосып жылытуға қалдырмауларыңызды сұраймыз.
[xfvalue_img]