Астана қаласының полиция қызметкерлері банктен несие алған әйел адамға қатысты тонау жасады деген күдікпен ер адамды ұстады
Тергеу болжамы бойынша күдікті елордалық банктің филиалдарының бірінде бола тұра, несие алып жатқан тұлғалардың бірін құрбаны ретінде таңдаған. Содан кейін әйелдің соңынан жүріп, үйдің ауласында ақша салынған сөмкені жұлып алып, жасырынып кеткен.
Тергеп-тексеру барысында куә қаскүнемді анықтауға және тануға көмектесті. Нәтижесінде 29 жастағы ер адам ұсталып, Астана қаласының ПД Уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Ол жасаған ісін мойындады.
Тонау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.Оның бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.
Аталған тұлғаның әрекетінен зардап шеккен азаматтарға Бейбітшілік көшесі мекенжайы бойынша Астана қаласының ПД жүгінуге немесе 71-61-51, 8-702-740-90-00 телефондарына немесе 102 нөміріне хабарласуды сұраймыз.
Полиция қызметкерлері мүлікті жоғалтуға жол бермеу және жеке қауіпсіздіктің қарапайым ережелерін орындау үшін бірнеше қағиданы ұстануға кеңес береді. Атап айтқанда: қоғамдық орындарда Сізде ірі ақша қаражатының немесе басқа да материалдық құндылықтардың бар екенін көрсетпеңіз, тәуліктің қараңғы уақытында үйге келе жатқан кезде адамдары жоқ жерлермен жүруден аулақ болыңыз, сөмкеңізді жүретін бөлік жақтан ұстамаңыз, оны иыққа іліп алыңыздар немесе қолтығыңыздың астына ұстап алыңыздар, егер кіреберісте танымайтын адамдарды көрсеңіздер онда үйге кірмей, өз үйіңіздің басқа тұрғындарын күтіп, солармен бірге кіріңіздер.
Сондай-ақ өте маңызды: егер сіз қарулы шабуылдың құрбаны болсаңыз, онда қарсылық көрсетпеңіз, қылмыскердің бет-әлпетін мұқият есте сақтап алыңыз және шұғыл түрде полицияға шабуылдау фактісі туралы хабарлаңыз, қылмыскердің белгілерін және ұрланған мүлікті сипаттап беріңіз.
Астана қ. ПД Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]