Мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа тәртібі – кәсіби мемлекеттік аппаратты құрудағы дұрыс қадам

Мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа тәртібі – кәсіби мемлекеттік аппаратты құрудағы дұрыс қадам

 

Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік қызметке іріктеу барысында жеке қабілеттерге баға берудің жаңа жүйесі қолданысқа енгізілді.

Ұлт жоспары «100 нақты қадамды» жүзеге асыру шеңберінде мемлекеттік қызмет саласындағы халықаралық станарттарға сай заңнама түбегейлі жаңартылды. Мемлекетік қызметшілер мен азаматтардың құқықтық және жемқорлыққа қарсы мәдениеті артып келеді. Ұлт жоспарын жүзеге асыру барысында 2016 жылы үміткерлерді мемлекеттік қызметке іріктеудің үш қадамдық жүйесі енгізілді.

Мемлекеттік қызметке іріктеу барысындағы бірінші қадам заңнаманы білу бойынша тестілеуден төменгі шектік мәндерді орнату арқылы өту болып табылады. Тестілеуді ұйымдастырудың жаңа ережелері мен тәртіптерін енгізу төменгі шектік мәннен жоғары ұпай жинағандар санының артуына ықпал етті. Бұл көрсеткіш өткен жылдардағы көрсеткіштермен салыстырғанда 20%-ға артты.

Жыл сайын тестілеуден шамамен 4500 адам өтеді, оның ішінде мемлекеттік және құқық қорғау қызметіне түсетін үміткерлер де бар.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің биылғы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін түбегейлі арттыруға айрықша назар аударады. Оның айтуынша, «сапа» мемлекеттік қызметші өмірінің жаңа ұстанымына айналуы тиіс. Жаңа формацияның мемлекеттік қызметшілері мемлекет пен қоғам арасындағы алшақтықты қысқартуға тиіс.

Жеке қабілеттерге баға берудің жаңа жүйесі бойынша үміткерлерге қойылатын құзыреттілік талаптары «халыққа қызмет» ұстанымын алға тартатын заманауи кәсіби мемлекеттік аппаратқа сай. Лауазым деңгейіне сай болумен қатар үміткерлер адалдық, парасаттылық, тұтынушылардың мүддесін қорғаушы, жауапкершілік, бастамашылдық, сабырлылық сияқты қасиеттерге ие болуы тиіс. Бұл мемлекеттік қызметшіге қажетті қасиеттердің негізгі жиынтығы десе де болады.

Жоғарыда аталып өткендей, мемлекеттік қызметке түсуді қалайтын азамат әдеп нормалары мен стандарттарын ұстану қажеттігіне дайын болуы тиіс. Сонымен қатар болашақ мемлекеттік қызметшілер қызмет алушыларға толық мөлшерде тиісті ақпарат беріп, сапалы қызмет көрсетуге бейімделуі қажет.

Лауазым деңгейін ескерумен қосымша түрде өзін өзі дамытушылық, жылдамдылық, өзара әрекеттесушілік, қызметті басқара білушілік, шешімдер қабылдай білушілік, көшбасшылық, стратегиялық ой, өзгерістерді басқара білушілік сияқты құзыреттіліктердің болуы тексерілетін болады. Жаңа жүйеге сәйкес тестілеуге үміткерлердің берген жауаптарының дұрыстылығын анықтауға арналған сұрақтар қосылады. Жеке қасиеттерге баға беру бойынша тестілеуден өтудің мәні дұрыстылық деңгейі бойынша 50%-дан кем болмауы тиіс.

Сұхбат берушінің айтуынша, тестілеуді орындауға 100 минут беріледі. Дұрыстылық деңгейі төмен болған жағдайда үміткерге сертификат берілмейді. Төменгі шектік мәннен аса алмаған үміткерлер тестілеуден бір айдан кейін ғана қайта өте алады.

Сұрақтар психометриялық тапсырмалар мен жағдаяттық кейстерден тұрады. Оларға берілген жауаптар арқылы үміткердің толық бейнесін көруге болады. Ең соңында үміткердің жеке қасиеттерге баға беру бойынша тестілеу нәтижесіне сәйкес бағаланатын әрбір құзыреттілік бойынша қысқаша мінездемесі беріледі. Бұл портрет үшінші кезең барысында конкурс комиссиясы мүшелерімен ескерілетін болады.

Мысалға, бұған дейін ережеге сәйкес конкурсқа қатысу үшін үміткерлер мемлекеттік органға тестілеуден өткенін растайтын сертификатты және жеке қасиеттерге баға беру бойынша қорытынды құжатты тапсыратын. Соңғы өзгертулерге сәйкес ағымдағы жылдың 1 ақпанынан бастап осы екі құжатты тапсырудың қажеттілігі жоқ. Мемлекеттік органның кадрлық қызметі осы құжаттармен «Е-қызмет» ақпараттық жүйесі арқылы таныса алатын болады.

 

Берген БЕСПАЛИНОВ,

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.