АБАЙ БОЛЫҢЫЗДАР! ҚАЛТА ҰРЫЛАРЫ
Жаңа жылға санаулы күндер қалды. Мереке алдындағы қарбалас басталды. Адамдар жаппай жиналатын орындар, атап айтқанда дүкендер, жәрмеңкелер және базарлар. Барлығы мерекеге арналған сыйлықтар мен азық-түліктерді сатып алудың қамымен жүреді. Осы кездері қалта ұрыларының құрбанына айналу мүмкіндігі жиілейді. Сауда қызып жатқан кезде сатып алушылардың аңғырттығын пайдаланып, қаскүнемдер сөмкелерін және әмияндарын ұрлап кетеді. 22 желтоқсанда полиция қызметкерлері 28 жасар Қарағанды облысының тұрғынын аялдамада сөмке ұрлаған жерінен қолға түсірді. Қазіргі таңда ол уақытша қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, сонымен қатар Полиция департаменті зардап шекендер болса хабарласуды сұрайды: Бейбітшілік 19, немесе мына телефонға 8(7172)71-61-71.
Сондықтан да полиция қызметкерлері сөмкеңізді азық-түлікке арналған арбаға салмауды, кезекте тұрғанда сөмкеңізді қолыңызға ұстап тұруды және әмиянды және құнды заттарды полиэтиленді пакетке салмауды, сонымен қатар қоғамдық көлікте мұқият болуды, сөмкеңіздің жабық болуын қадағалауды және алдыңызға ұстап тұруды, отырған кезде алдыңызға алып отыруды, құнды заттарыңызды киімнің ішкі қалталарында сақтауды ескертеді.
Астана қ.ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]