Үздік әдеп жөніндегі уәкілдер анықталды
2018 жылдың 23 қарашасында «Radisson Hotel» қонақүйінің мәжіліс залында «Үздік әдеп жөніндегі уәкіл» республикалық байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Марапаттау салтанаты «Рухани жаңғыру» ұлттық бағдарламасының негізгі басымдықтарына сәйкес «Парасаттылық - сананың табысты трансформациясы жолында» тақырыбында өтті.
Салтанатты шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары С.Н.Громов, Мемлекеттік банк мекемелерінің және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының төрағасы М.Х.Жакыпов, «Татар және башқұрлардың Қазақстандық конгресі» республикалық қоғамдық ұйымының басқарма төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңес мүшесі А.Т.Каримов, М.С.Нарықбаев атындағы ҚазГЗУ ректоры М.Нарықбаев және «Жемқорлыққа қарсы бірінші медиа орталық» Республикалық қоғамдық ұйымының төрағасы Т.З. Байгулов, орталық мемлекеттік органдардың жауапты хатшылары және облыс әкімдері аппаратарының басшылары қатысты.
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова шараның марапаттау рәсімін аша отырып, бүкіл мемлкеттік аппаратының санасын одан әрі жаңғырту жолында әр мемлекеттік қызметші үшін этикалық негіздерінің маңыздылығын атап өтті.
Айгүл Шайымова, сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілер өздерінің жұмысында азаматтардың оларға деген сенімін есте ұстау керектігін және нәтижесінде қоғамға қызмет көрсетудің басты басымдығы үнемі шынайы және адал екендігін атап өтті.
Сонымен қатар, әдеп құқық бұзушылықтардың саны 2015 жылдан бастап динамиканың сақталуы айтарлықтай азайтылғанды, атап кетсек - 40% -ға (2015 жылы - 338, 2016 жылы - 232, 2017 жылы - 203, 2018 жылы - 182) және бұл маңызды көрсеткіштерге қол жеткізуге әдеп жөніндегі уәкілдердің рөлі маңызды екенгідігі айтылды.
Шығармашылық кеш үздік әдеп жөніндегі уәкілдерді марапаттау салтанатымен жалғасты.
Орталық деңгейде үздік әдеп жөніндегі уәкіл атағына Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің әдеп жөніндегі уәкілі Т.Ж.Тасмағамбетов, ал жергілік атқарушы органдар арасында Ақмола облысы аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Н.Ә.Әбдірахманов ие болды.
Жеңімпаздар естелік сыйлықтармен, грамоталармен мадақталды. Сонымен қатар, жеңімпаздар халықаралық әдеп стандарттарын зерделеу мақсатында тәжірибе алмасу үшін шетелге жолданама алды.
Айта кетейік, аталған конкурс үздік әдеп жөніндегі уәкілді таңдау мен әдеп жөніндегі уәкілдердің біріңғай рейтингін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.
Аталған конкурстың ең басты критериялары болып тұрақты негізде консультация беру, азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру, үкіметтік емес сектормен бірлескен іс-шаралар ұйымдастыру, профилактикалық шараларды жүзеге асыру және этикалық құқық бұзышылықтардың азаю динамикасы болып табылды.
Қуантарлық жағдай, кокурстық комиссиясының құрамындағы қоғам қайраткерлері бәсекелестікті белгілеу сияқты тактикалық шаралардың маңыздылығын атап өтті. Бұндай шаралар әдеп жөніндегі уәкілдер өз жұмысында үздік нәтижелерге қол жеткізуге ынталандырушы болады.
Бұдан басқа, Агенттіктің ресми сайтында әдеп жөніндегі уәкілдердің біріңғай рейтингі орналастырылды.
ҚР МҚІСЖҚА баспасөз қызметі
[xfvalue_img]