Дүниежүзілік банк Қазақстандағы орта білім жүйесін модернизациялауға  республикалық бюджетпен қаржыландырылатын салықты қоса есептегенде  75 млн.АҚШ долларын бөледі

Дүниежүзілік банк Қазақстандағы орта білім жүйесін модернизациялауға республикалық бюджетпен қаржыландырылатын салықты қоса есептегенде 75 млн.АҚШ долларын бөледі

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Дүниежүзілік Банкімен бірлесе «Орта білім жүйесін модернизациялау» жобасын ресми іске қосу бойынша іс-шара өткізеді. Жобаның негізгі бағыттарының бірі – ауылдық жерде орта білім беретін мектептердегі оқушылардың үлгерімдерін - ауылдық мектеп мұғалімдерінің әлеуетін арттыру және білім ордаларын мультимедиалық құрал-жабдықпен қамтамасыз ету арқылы жақсарту. 

 Жобаның жалпы құны - республикалық бюджетпен қаржыландырылатын салықты қоса есептегенде 75 млн. АҚШ доллары. Жоспарға сәйкес, бұл қаражатқа ауылдық мектептерге оқу материалдары мен мультимедиалық құрал-жабдықтар сатып алынып, білім беру бағдарламалары жақсартылатын болады. Сондай-ақ, ауылдық мектептердегі мұғалімдердің әлеуетін арттыру бойынша шаралар қолданылып, ерекше қажеттіліктері бар балаларға қолдау көрсетіледі. Жоба шеңберінде білім берудің жаңартылған мазмұнын қолдауға бағытталған бастамалар кешені жүзеге асырылады деп күтілуде.

Оқушылардың оқудағы жетістіктері оқу және материалдық-техникалық ресурстардың үлестірілуіне тікелей байланысты болғандықтан, жоба шеңберінде жоспарланған іс-шаралар еліміздегі әрбір мектептің жағдайының жақсаруына, сондай-ақ оқушылардың үлгерімдері арасындағы айырмашылықты жойып, ауыл және қала мектептеріндегі білім сапасын теңестіруге септігін тигізетін болады. Ұлттық деңгейде аталмыш жоба еліміздің тұрақты дамуы үшін адами капиталдың нығаюына әсер етпек. Жоба нәтижелері барша қоғамға әлеуметтік-экономикалық тұрғыда жағымды әсер етіп, Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыра түседі деп жоспарлануда. «Орта білім жүйесін модернизациялау» жобасын ресми іске қосу аясында өтетін сессияға білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева, Дүниежүзілік банкінің білім беру тәжірибесі жөніндегі басқарушысы Гарри Антони Патринос, Дүниежүзілік Банкінің Қазақстандағы тұрақты өкілі Ато Брауна, Дүниежүзілік Банкінің Орталық Азиядағы маманы Сюзанна Айрепетян, BI-Group бас директоры және IQanat жобасының негізін қалаған Айдын Рахимбаев қатысады.

Өтетін орны және уақыты: 20 қараша, сағ.14.30, Астана қ., Еуразия Ұлттық Университеті, Сатпаева к-сі, 2, Тұңғыш Президент залы.

 

ҚР БҒМ баспасөз қызметі.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.