Маңғыстауда бағалардың негізсіз өсуіне бақылау жасалады

Маңғыстауда бағалардың негізсіз өсуіне бақылау жасалады

Облыс әкімі  Ералы Тоғжанов коммуналдық қызмет тарифтері, азық-түлік, дәрі-дәрмек, медицина, білім беру, қызмет көрсету саласындағы ақылы қызметтер, құрылыс материалдары мен 1 шаршы метр тұрғын үй бағасы, ЖЖМ тарифтері, байланыс қызметтері және басқа мәселелер бойынша кездесу өткізді.

Аймақбасшысықоғам белсенділеріне, үкіметтік емес ұйымдарға, іріөнеркәсіптік кәсіпорындар өкілдеріне, мемлекеттікбасқармалар мен департаменттерге, құқыққорғауоргандарыныңбасшыларынабағанытөмендетужолдарын талқылауды және  бағаны төмендетуге кедергі келтіретін проблемалық мәселелерді бірлесе шешуге арналған жоспар әзірлеуді ұсынды.

«13 қараша күні Премьер Министрмен өткен Үкімет отырсында, Елбасы тапсырмасын орындау мақсатында, 2019 жылдың 1 қаңтарынан  бастап  тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің бағаларын және тарифтердің құнын төмендету туралы тапсырма берілді. Баға белгілеу кезінде ескерілетін негізсіз шығындарды алып тастау  есебінен бағалар мен тарифтерді төмендетуді  қамтамасыз ету міндеті қойылды. Халық кеңестердің, жұмыс топтарының, мемлекеттік органдардың, қала және аудан әкімдерінің, бизнес өкілдерінің,  үкіметтік емес ұйымдардың және монополистердің жұмыстары туралы хабардар  болуы қажет. Аталған топ өкілдері проблемалық мәселелерді ашық режимде талқылап, оны шешу жолдарын ұсыну қажет.Қазір біз, 1- ші желтоқсанға дейін қандай тауарлар мен қызметтерге, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап нақты бағалар мен тарифтерді төмендете алатынымызды анықтап алуымыз керек», - деді әкім Ералы Тоғжанов.

«Бахыт» ПИК басшысы облыс әкіміне Ақтау қаласы бойынша ағымдағы мәселелер тізімін берді. Оның ішінде,  жөндеу жұмыстарын, ауыстыруды  қажет ететін нысандарға және кәріз жүйесіндегі мәселелерге тоқталды Сондай-ақ, жаз мезгілінде ыстық сумен қамтамасыз ету мәселесі мен жұмсақ шатырды металлға ауыстыру қажеттілігін айтты. Өңір басшысы Ералы Тоғжанов  жұмыс тобына ұсынылған мәселелермен айналысуды тапсырды.

Никар Рафикова көлік тарифтерінің бағасының өсуіне әсер ететін өзекті мәселелерді айтты. Сондай-ақ электр энергиясын тарату және жеткізу үшін ақша алатын барлық компанияларға тексеру жүргізуді ұсынды.

Ералы Тоғжанов мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырмалар берді. Соның ішінде, энергетика және ТҮКШ басқармасынакоммуналдық қызметтердің тарифтері жөніндегі кеңес құру және оның құрамына барлық мүдделі тараптарды енгізу тапсырылды. Аудандар мен қалаәкімдеріне ведомстволық мемлекеттік ұйымдар мен ПКСК (мысалы қоқыс, лифтілер шығару, тұрғын үйге қызмет көрсету және т.б.) тарифтерді төмендету жөніндегі нақты шараларды қабылдау жөніндегі жұмыс топтарын құру тапсырылды. Денсаулық сақтау, білім, жолаушылар көлігі және автожолдар, құрылыс басқармалары аудандар мен қала әкімдерімен бірлесіп, жетекшілік ететін салаларда бағалар мен тарифтерді төмендету жөнінде өзара іс-қимыл және нақты шаралар әзірлеу жөнінде жұмыс топтарын құрсын.Кәсіпкерлік және сауда, ауыл шаруашылығы басқармалары аудандар мен қала әкімдерімен бірлесіп, ЖЖМ, азық-түлік өнімдері, әсіресе мереке алдындағы және мереке күндері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу үшін тұрақты және қатаң мониторингті қамтамасыз ету.Аудан және қала әкімдері тұрақты нтүрде  азық-түлік өнімдерін жергілікті өндірушілердің өнімдерін жылжыту және сату бойынша жәрдем көрсете отырып, олардың ағымдағы жағдайды қадағаласын. Ірі компаниялардың басшылары 2019 жылғы сатып алу жоспарында жергілікті тауар өндірушілердің тауарларын, жұмыстарын, қызметтерін барынша сатып алуды көздесін. Олар болмаған жағдайда және басқа қалалардағы ұйымдардан тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу, облыс аумағында басқа қалалардағы компаниялардың филиалдарын тіркеуді қамтамасыз етсін. Монополияға қарсы Департамент нарық  қатысушыларының теріс пиғылды іс-әрекеттеріне дер кезінде ден қою, бағаны негізсіз көтеруді сөз байласуға жол бермеу. Ұлттық Банктің филиалына екінші деңгейдегі банктермен, "Қазпошта" АҚ филиалымен бірлесіп, банктік қызмет көрсету саласындағы тарифтерін төмендету, ауылдық жерлерде олардың филиалдарының қатысуын кеңейту жөнінде нақты шаралар қабылдасын.

 

Маңғыстау облысы әкімінің  баспасөз  қызметі.

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.