Қауіпті үйрек!!!!
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті өнім қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу шеңберінде Тараз қаласындағы ЖК У. А. Қалымбетованың «Береке» дүкенінде Қазақстанға жеткізілетін АҚШ-тың үйрек еті сынамасында сальмонелланың анықталуына байланысты гигиеналық нормативтер мен техникалық регламенттердің талаптарының бұзылғаны анықталғанын хабарлайды.
Осындай сальмонелла жұқтырылған өнімді тамаққа пайдалану қолайсыз салдарларға алып келуі мүмкін. Атап айтқанда, Salmonella тектес бактериялар негізінен жүректің айнуын, құсу, әлсіздік, диарея, іштің ауыруын тудырып, асқорыту жолдарын зақымданумен сипатталады, уақыт өте келе адамның жағдайы нашарлауы мүмкін, мұндай жағдайда міндетті түрде дәрігерге қаралу ұсынылады.
Қазіргі уақытта сауда объектісінен қауіпті өнімді алып қою бойынша шаралар қабылдануда, сондай-ақ өткізушілерге қатысты әкімшілік сипаттағы шаралар қабылдануда.
Дүкен сөрелерінде сәйкес келмейтін өнімдер анықталған жағдайда жазбаша немесе 8 /7172/ 74-27-04 нөмірі бойынша, сонымен қатар Комитетке және оның аумақтық департаменттеріне жүгінуге болады (әр өңірдің байланыс деректері kooz.dsm.gov.kz/ru сайтында көрсетілген).
[xfvalue_img]